Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 78
Білім күнімен құттықтаймыз!
01
қыркүйек
2022
Білім күнімен құттықтаймыз!
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!  Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!
N 1 Педагогикалық Кеңес
31
тамыз
2022
N 1 Педагогикалық Кеңес
Жетісу ауданы, N2 жалпы білім беретін мектепте N 1 Педагогикалық Кеңес барысында "Өрлеу" БАҰО тренері Байқоныс Ануар Жарылқасынұлы "Өзгерген дағды - цифрлық әлем - кемелді ұстаз" тақырыбынада семинар өткізді.
Демеуші жандарға ата-аналар атынан алғыс айтамыз!
26
тамыз
2022
Демеуші жандарға ата-аналар атынан алғыс айтамыз!
Мектебіміздің көп балалы отбасынан шыққан 1 сынып бүлдіршіндері Жетісу аудандық әкімдігі демеушілері атынан мектеп формасы, аяқ киім, құрал- жабдықтармен қамтамасыз етілді. Демеуші жандарға ата-аналар атынан алғыс айтамыз!
"Мектепке жол" Республикалық акциясы
17
тамыз
2022
"Мектепке жол" Республикалық акциясы
Жетісу ауданы, N2 жалпы білім беретін мектепте "Мектепке жол" Республикалық акциясы аясында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мектеп ұстаздары әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан оқушыларға кеңсе тауарларын сыйға тартты.  Демеуші ұстаздарға алғыс білдіреміз!
1 сынып оқушыларымен қосымша сабақ жүргізілуде
16
тамыз
2022
1 сынып оқушыларымен қосымша сабақ жүргізілуде
Жетісу ауданы, N2 жалпы білім беретін мектепте 1 сынып бүлдіршіндерін оқуға дайындау, баланың тұлғасын және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында қосымша сабақтар жүргізілуде.
"Білім айнасы" журналы
25
маусым
2022
"Білім айнасы" журналы
Республикалық "Білім айнасы" ғылыми-танымдық журналына мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Чамкарова А.Б "Инклюзивті білім беру ұйымдарында ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларды педагогикалық психологиялық қолдау" атты мақаласы жарияланды.
11 сынып түлектері
17
маусым
2022
11 сынып түлектері
Жақсы біліммен, тағылымды тәрбиемен өскен ұл-қыздарымыз Отанымыздың қазынасы, елдің ертеңгі елеулі тірегі. Бүгін мектебіздің 11 сынып  түлектеріне арналған Аттестат табыстау рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Құрметті 11 сынып түлектері болашақта білікті маман иесі болып, келешектерің кемел, болашақтарың нұрлы болып, қонар тұғырларың биіктей берсін!!!
"Балдәурен" лагері
17
маусым
2022
"Балдәурен" лагері
Мектеп жанынан ашылған жазғы сауықтыру "Балдәурен" лагерінің жабылуы өткізілді.  Бүлдіршіндеріміз жазғы демалыстарын көңілді өткізіп, күш жинап, жаңа оқу жылына аман-есен келуіне тілектеспіз!!!
"Балдәурен" лагері
16
маусым
2022
"Балдәурен" лагері
"Балдәурен" лагері оқушылары бүгін "Қуыршақ театрына" барып, "Алладиннің сиқырлы шамы" спектаклін тамашалап, керемет әсер алып, демалып қайтты.
"Балдәурен" лагері
15
маусым
2022
"Балдәурен" лагері
Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру "Балдәурен" лагері оқушылары  тәрбиешілер жетекшілігімен "Махима" ойын-сауық орталығына барып, кино көріп, керемет демалыс ұйымдастырып, көңіл көтеріп қайтты.