Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 91
ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды!
28
ақпан
2022
ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды!
Мектебіміздің 5 "Б" сынып оқушысы Қалдыбек Дидарбек бокстан өткен қалалық жарысқа қатысып ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды! Құттықтаймыз!
Жүлделі орындармен марапатталды!
28
ақпан
2022
Жүлделі орындармен марапатталды!
Мектебіміздің 1 "А" сынып оқушылары "Кенгуру" математикалық байқауына, "Көркем жазу" байқауына, Мұқағали оқуларына, "Көркем сөз оқу шебері", "Әдемі әріптер" байқауларына қатысып жүлделі орындармен марапатталды! Сынып жетекші: Тасирова С.Т Құттықтаймыз!
Дөңгелек үстел өткізілді.
25
ақпан
2022
Дөңгелек үстел өткізілді.
Жетісу ауданы, №2 ЖББ мектептің "Адал Ұрпақ" ұйымының жетекшісі Қалиманова Ақбота 5 "А" сынып оқушыларына "Кең болсаң, кем болмайсың" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  Ақбота оқушыларға адамгершілік, қайырымдылық, сыйластық, бауырмалдық және жомарттық қасиеттерін түсіндіре отырып, оқушылардың ойларын ортаға салды.  Оқушылар "адалдық" сөзінің мағынасын кеңінен тарқатып, өз достары арасында мысалдар келтірді. Жетекші: аға тәлімгер Торгаева Н.Б
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
25
ақпан
2022
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Жетісу аудандық Төтенше жағдайлар жоспарына сәйкес, 1-наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай №2 ЖББ мектеп оқушылары суреттер салып, онлайн көрме жасады.
№ 2 ЖББ мектепте «Адалдық дүкені» өз жұмысын жалғастыруда.
24
ақпан
2022
№ 2 ЖББ мектепте «Адалдық дүкені» өз жұмысын жалғастыруда.
Жетісу ауданы, № 2 ЖББ мектепте «Адалдық дүкені» өз жұмысын жалғастыруда. «Адалдық дүкеніне» талап бойынша кез келген тауарды сатып алғысы келген оқушы оның ақысын арнайы ыдысқа салып, өз-өзіне қызмет атқарады.  «Адалдық дүкенінің» мақсаты: оқушылардың бойына рухани адамгершілікті дамыта отырып, адал болуға тәрбиелеу. «Адал Ұрпақ» ұйымының жетекшілері Сейдалы Бейбарыс және Қалиманова Ақбота оқушыларды адал болуға, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет» қалыптастыруға шақырады.
Тойкулова Б .А  1 "Б" сынып оқушыларына жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өткізді .
24
ақпан
2022
Тойкулова Б .А 1 "Б" сынып оқушыларына жаратылыстану пәнінен ашық
"Өнер, білім бәрі де оқуменен табылған " атты бастауыш бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі Тойкулова Б .А  1 "Б" сынып оқушыларына жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өткізді . Сабақтың тақырыбы: "Уақыттың адам өміріндегі маңызы" Мақсаты: Уақыттың  маңыздылығын ашу, өлшем бірліктерін  үйрету.
Чамкарова А.Б 4 "Б" сынып оқушыларына қазақ тілі сабағынан ашық сабақ өткізді.
23
ақпан
2022
Чамкарова А.Б 4 "Б" сынып оқушыларына қазақ тілі сабағынан ашық сабақ
"Өнер, білім бәрі де оқуменен табылған" атты бастауыш бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі Чамкарова А.Б 4 "Б" сынып оқушыларына қазақ тілі сабағынан ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: "Есімдік" Мақсаты: Есімдік туралы алғашқы түсінігін қалыптастыру, есімдіктердің есім сөздердің орнына жұмсалатынын ұғындыру, есімдіктің тілімізде атқаратын қызметін анықтау, оқушыларды есімдікті сөйлеу тілдерінде қолдана білуге үйрету.
Бішкек қаласында "Достық" Халықаралық таэквондо турнирінен І орынды жеңіп алды.
22
ақпан
2022
Бішкек қаласында "Достық" Халықаралық таэквондо турнирінен І орынды
Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласында "Достық" Халықаралық таэквондо турниріне Жетісу ауданы, №2 ЖББ мектептің 6 "А" сынып оқушысы АЛИМБАЕВ ДИАС қатысып, еліміздің намысын қорғап, І орынды жеңіп алды. Мектеп ұжымы және оқушылары Диасты таңертеңгісін мерекелік көңіл-күймен қарсы алып, жетістігімен қуана құттықтады!
“Өнер, білім-бәрі де оқуменен табылар…”
21
ақпан
2022
“Өнер, білім-бәрі де оқуменен табылар…”
Бүгін мектебімізде “Өнер, білім-бәрі де оқуменен табылар…” атты бастауыш сыныптар онкүндігінің басталуына орай таңертеңгі уақытта бастауш сыныптың ұстаздары мектеп оқушыларын, қызметкерлерін тәтті сыйлықтарымен, әсем әуенмен және таңғы жылы тілек-лебіздерімен қарсы алды.
Бастауыш бірлестігінің онкүндігінің ашылуы өтті
21
ақпан
2022
Бастауыш бірлестігінің онкүндігінің ашылуы өтті
Жетісу ауданы, N2  ЖББ мектепте "Өнер, білім бәрі де оқуменен табылған" атты бастауыш бірлестігінің онкүндігінің ашылуы өтті.  Бастауыш әдістеме бірлестігінің жетекшісі Ускембаева Ж.Н  "Сыни тұрғыдан ойлау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту" тақырыбында баяндама оқыды.