Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Чамкарова А.Б 4 "Б" сынып оқушыларына қазақ тілі сабағынан ашық сабақ өткізді.
23
ақпан
2022
Чамкарова А.Б 4 "Б" сынып оқушыларына қазақ тілі сабағынан ашық сабақ
"Өнер, білім бәрі де оқуменен табылған" атты бастауыш бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімі Чамкарова А.Б 4 "Б" сынып оқушыларына қазақ тілі сабағынан ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: "Есімдік" Мақсаты: Есімдік туралы алғашқы түсінігін қалыптастыру, есімдіктердің есім сөздердің орнына жұмсалатынын ұғындыру, есімдіктің тілімізде атқаратын қызметін анықтау, оқушыларды есімдікті сөйлеу тілдерінде қолдана білуге үйрету.
Бастауыш бірлестігінің онкүндігінің ашылуы өтті
21
ақпан
2022
Бастауыш бірлестігінің онкүндігінің ашылуы өтті
Жетісу ауданы, N2  ЖББ мектепте "Өнер, білім бәрі де оқуменен табылған" атты бастауыш бірлестігінің онкүндігінің ашылуы өтті.  Бастауыш әдістеме бірлестігінің жетекшісі Ускембаева Ж.Н  "Сыни тұрғыдан ойлау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту" тақырыбында баяндама оқыды.
І дәрежелі Дипломмен марапатталды!
21
ақпан
2022
І дәрежелі Дипломмен марапатталды!
"British Bulldog" атты Халықаралық ағылшын тілі пәнінен өткізілген байқауға 9 "Б" сынып оқушысы Акимбай Али қатысып, І дәрежелі Дипломмен марапатталды! Жетекші: Касымкулова Г.Т
"Шахмат және дойбы" жарысы ұйымдастырылды
17
ақпан
2022
"Шахмат және дойбы" жарысы ұйымдастырылды
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мектебіміздің 3-4 сынып оқушылары арасында "Шахмат және дойбы" жарысы ұйымдастырылды. Жарыс нәтижесі бойынша: І-орын 4 "А" сыныбы; ІІ-орын 4 "Б"  сыныбы; ІІІ-орын 3 "Б" сыныбы Марапатталды! Қатысқан барлық оқушылар сертификатпен марапатталды!!! Ұйымдастырушы: дене шынықтыру пәні мұғалімдері Абилкайров С.М, Байғондыұлы А, Эсимбеков Е.Қ Көмекшілері: мектеп президенті Даутова Камила, спорт министрі Сәуле Дамир.

"Ілияс оқулары" байқауы
17
ақпан
2022
"Ілияс оқулары" байқауы
"Izdenis" Республикалық оқушылар мен оқытушылар порталы ұйымдастырған "Ілияс оқулары" байқауына мектебіміздің 9 "Б" сынып оқушылары қатысып, Жарқынбай Зарина  І дәрежелі Дипломмен, Болат Ұлжалғас ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды! Жетекші: Еримбетова М.Д
Мектебімізде пионерболдан жарыс өткізілді.
14
ақпан
2022
Мектебімізде пионерболдан жарыс өткізілді.
Ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектепішілік 5-7 сыныптар арасында пионерболдан жарыс өткізілді.
№2 ЖББ мектепте кезекті ұстаздар жиналысы өтті.
14
ақпан
2022
№2 ЖББ мектепте кезекті ұстаздар жиналысы өтті.
Жетісу ауданы, №2 ЖББ мектепте кезекті ұстаздар жиналысы өтті.  Жиналыста Жетісу аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Алимбаева М.С, Алматы қаласы кәсіподақ ұйымының заңгері Тұрлыбекова М. ұстаздарға "Ұжымдық шарт" бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарға жауап берілді.
"Қазақстан үміті" төсбелгісімен марапатталды!!!!
10
ақпан
2022
"Қазақстан үміті" төсбелгісімен марапатталды!!!!
Мектебіміздің 4 "Б" сынып оқушысы АРИМОВА АҚЖАН дарынды оқушы жастардың есімін баспа және бұхаралық ақпарат құралдарында насихаттау мақсатында ұйымдастырылған Республикалық  " Ozattar - білім саласы үздіктерінің энцклопедиясы" жинағына еніп, жетістіктермен дараланып, үздік деп танылып, мадақтама және "Қазақстан үміті" төсбелгісімен марапатталды!!!! Сынып жетекші: Чамкарова А.Б Құттықтаймыз!
"Бір өлеңі - бір елдің мұрасындай" әдеби сазды кеш өткізілді.
09
ақпан
2022
"Бір өлеңі - бір елдің мұрасындай" әдеби сазды кеш өткізілді.
Қоғамдық-гуманитарлық әдістеме бірлестігінің ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған "Бір өлеңі - бір елдің мұрасындай" әдеби сазды кеш өткізілді.