Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Фан-дебат» турнирі өткізілді.
22
желтоқсан
2021
«Фан-дебат» турнирі өткізілді.
2021 жылдың 22 желтоқсан күні Жетісу ауданы, №2 ЖББМ «Болашақ» дебат клубының ұйымдастыруымен «Тәрбиеге қарағанда білім маңызды деп есептейді» тақырыбында мектепішілік «Фан-дебат» турнирі өткізілді. Турнир мақсаты: оқушылар арасында шығармашылық әлеуетін іске асыру, азаматтық позицияны қалыптастыру. Жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін, өзінің іс-әрекеті, дамуы үшін өзіне және қоғам алдындағы жауапкершілікті, коммуникативтік дағдыларды, актерлік қабілеттерді, шешендік өнерді, елде байқалатын
"Мұғалімдердің цифрлық бөлмесі"
22
желтоқсан
2021
"Мұғалімдердің цифрлық бөлмесі"
Мектеп директоры Отепбекова Б.М мектеп ұстаздарына "Мұғалімдердің цифрлық бөлмесі" тақырыбында семинар өткізді. Семинарда мұғалімдерге интерактивті және цифрлық ресурстарды пайдалануды, Google Classroom платформасында, Padlet тақтасында жұмыс істеу нұсқаулығымен таныстырды.
"Конькимен жүгіру"
22
желтоқсан
2021
"Конькимен жүгіру"
Қостанай қаласында өткен ІІІ жасөспірімдер арасындағы Республикалық қысқы ауыл ойындарында "Конькимен жүгіру" спорт түрі бойынша масе-стартта ІІІ орынға ие болған мектебіміздің 8 "А" сынып оқушылары марапатталады!
"ҮЗДІК ШАБУЫЛШЫ"
22
желтоқсан
2021
"ҮЗДІК ШАБУЫЛШЫ"
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылған баскетболдан мұғалімдер арасындағы қалалық турнирде "ҮЗДІК ШАБУЫЛШЫ" номинациясына ие болған дене шынықтыру пәні мұғалімі АБИЛКАЙРОВ С.М марапатталды!
"Телефонсыз бір күн"
21
желтоқсан
2021
"Телефонсыз бір күн"
Мектебіміздің 5 "Б" сынып оқушыларына "Телефонсыз бір күн" акциясы аясында оқушылар дөңгелек үстел ұйымдастырып, оқушылар өз ойларын талқыға салды.
Ашық сабақ 1 "В" сыныбымен
21
желтоқсан
2021
Ашық сабақ 1 "В" сыныбымен
Мектебіміздің 1 "В" сыныбына математика пәнінен "2,4,6,8,10 сандардың жартысы" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сынып жетекші: Ұлдақанова А.Е
"Қима" бақылау жұмысы
21
желтоқсан
2021
"Қима" бақылау жұмысы
Мектебіміздің 11 "А, Б, В" сыныбына математика пәнінен алынған "Қима" бақылау жұмысының қорытындысы шығарылып, талдаулар жасалып, олқылықтармен жұмыс жасалынды.
"Әйгілі грек ойшылдары" атты кітабы оқырманға ұсынылды.
20
желтоқсан
2021
"Әйгілі грек ойшылдары" атты кітабы оқырманға ұсынылды.
Жетісу ауданы, №2 ЖББ мектеп директоры, тарихшы, ізденуші Отепбекова Б.М "Әйгілі грек ойшылдары" атты кітабын қайта өңдеп, оқырманға ұсынды.   Бұл кітап - Плутарх шығармаларының балалар түсінігіне лайықталып жасалған. Оқырмандар бұл кітапты оқи отырып ертедегі Грецияда өмір сүрген атты әйгілі адамдар өмірі туралы көп қызықты мағұлмат алатыны сөзсіз. Бұл сыныптан тыс оқуға арналған әңгімелер мектеп мұғалімдеріне де ұсынылады.
ӘБІЛЖАНҚЫЗЫ МӨЛДІР Сертификатпен марапатталды!
20
желтоқсан
2021
ӘБІЛЖАНҚЫЗЫ МӨЛДІР Сертификатпен марапатталды!
Т.Қ.Жургенев атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап ұйымдастырылған "ТӘУЕЛСІЗДІК ТҮЛЕКТЕРІ" атты шығармашылық көрмеге ат салысқаны және қазақ бейнелеу өнерінің өркендеуіне өз үлесін қосқаны үшін мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ӘБІЛЖАНҚЫЗЫ МӨЛДІР Сертификатпен марапатталды!
АБИЛКАЙРОВ С.М "үздік ойыншы" номинациясымен марапатталды!
20
желтоқсан
2021
АБИЛКАЙРОВ С.М "үздік ойыншы" номинациясымен марапатталды!
"ҰЛТТЫҚ СПОРТ"ойындары түрлерінен "№102 ЖББМ КММ"  дене шынықтыру пәні мұғалімі Закарянов Ерлан Баймұхамедұлын еске алуға арналған Алматы қаласы, Жетісу ауданы дене шынықтыру мұғалімдері арасында өткізілген турнирде "ДАРТС" ойынында №2 ЖББ мектеп командасы жоғары деғгейде ойын көрсетіп, дене шынықтыру пәні мұғалімі АБИЛКАЙРОВ С.М "үздік ойыншы" номинациясымен марапатталды!