Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
АЛИМБАЕВ ДИАС қатысып, І дәрежелі Дипломмен марапатталды!
29
қазан
2021
АЛИМБАЕВ ДИАС қатысып, І дәрежелі Дипломмен марапатталды!
Бішкек қаласында  V - Халықаралық Таэквондадан өткен жарысқа мектебіміздің 6 "А" сынып оқушысы АЛИМБАЕВ ДИАС қатысып, І дәрежелі Дипломмен марапатталды! Құттықтаймыз!
"ҮЗДІК ЖЫЛ ПСИХОЛОГЫ"
29
қазан
2021
"ҮЗДІК ЖЫЛ ПСИХОЛОГЫ"
"Алматы Дарыны" орталығының ұйымдастыруымен өткен "ҮЗДІК ЖЫЛ ПСИХОЛОГЫ" Республикалық конкурсының қалалық кезеңінің "КРЕАТИВТІ ПСИХОЛОГ" номинациясының жеңімпазы мектебіміздің психологы ҚУАНЫШ АҚЖАН Марапатталады!!!
"Ғылым Ордасы" археологиялық музейге саяхат
29
қазан
2021
"Ғылым Ордасы" археологиялық музейге саяхат
Мектебіміздің 3 "А" сынып оқушылары, сынып жетекшісі Өмірәлиева А.Т жетекшілішімен "Ғылым Ордасы" археологиялық музейге саяхат жасады.
"Жаса Қазақстан!" атты патриоттық байқауының жеңімпаздары
28
қазан
2021
"Жаса Қазақстан!" атты патриоттық байқауының жеңімпаздары
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсанның 35 жылдығы аясындағы "ПАТРИОТТЫҚ РУХ - БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ" жобасы бойынша Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігін насихаттау мақсатында оқушылар арасында өткен аудандық "Қасиетті домбыра" атты домбырамен ән айту, күй тарту шығармашылық байқауына, "Жаса Қазақстан!" атты патриоттық байқауына, №2 ЖББ мектептің оқушылары қатысып, ІІІ орын иеленді!!!
«Жас биологтар – 2021» интеллектуалды сайысын өткізді.
28
қазан
2021
«Жас биологтар – 2021» интеллектуалды сайысын өткізді.
2021 жылдың 28 қазан күні биология пәні мұғалімі Сеитова А.Н 8-9 сынып оқушылары арасында «Жас биологтар – 2021» интеллектуалды сайысын өткізді. Сайыстың мақсаты: Оқушылардың ой-өрістерін дамыта отырып, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, табандылықпен шешім қабылдауға, оны дəлелдеуге үйрету, биология пəніне деген қызығушылықтарын ояту. Достарымен топтасып жұмыс жасауға баулу.
"Бала құқығы- адам құқығы"
28
қазан
2021
"Бала құқығы- адам құқығы"
Жетісу аудандық Білім бөлімінің тапсырмасы негізінде, мектепішілік жоспарға сәйкес 20 қазан 20 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне арналған "Бала құқығы- адам құқығы" атты айлық аясында дене шынықтыру пәні мұғалімдері 8-10 сынып оқушылары арасында футболдан жарыс ұйымдастырды. Ұйымдастырушы: Барлықбеков Б.С, Абилкайров С.М, Байғондыұлы Ә, Эсимбеков Е.Қ.
"Сөз құра!" ойыны
28
қазан
2021
"Сөз құра!" ойыны
Жетісу аудандық Білім бөлімінің тапсырмасы негізінде, мектепішілік жоспарға сәйкес 20 қазан 20 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне арналған "Бала құқығы- адам құқығы" атты айлық аясында бастауыш сынып мұғалімі Тойкулова Б.А 1 "Б" сынып оқушыларына жылдам  сөз  құрау, дыбыстық  талдау жасау мақсатында  "Сөз құра!" ойынын ойнатып, "Б" дыбысы мен әріпі" тақырыбында көңілді сабақ өткізді.
"Ұшқыр ой мен шешен тіл" атты сайыс өткізілді.
27
қазан
2021
"Ұшқыр ой мен шешен тіл" атты сайыс өткізілді.
Жетісу ауданы, N2 ЖББМ  "Шығармашылық қабілет" атты шығармашылық дарындылар  онкүндігі аясында 6 "А", 6 "Б", 6 "В" сынып оқушылары арасында "Ұшқыр ой мен шешен тіл" атты сайыс өткізілді.  Мақсаты: оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділікерін арттыру. Ұйымдастырушы: Туралиева Г.М, Бейсенбай Г.Ш, Сикибаева Ш.Қ.
"ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА - 2021"
27
қазан
2021
"ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА - 2021"
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты бағдарламалық мақаласын педагогтермен білім алушылардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен "ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА - 2021" атты республикалық байқауға қатысып жеңімпаз атанған 11 "В" сынып оқушысы БЕГЖАНОВА АЛИНА ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталады. Жетекші: АТАЛЫКОВА Г.Д
"Тәуелсіз ел - дені сау ұрпақ"
21
қазан
2021
"Тәуелсіз ел - дені сау ұрпақ"
Жетісу ауданы, N2 ЖББМ тәрбие жоспарына сәйкес "Тәуелсіз ел - дені сау ұрпақ" тақырыбында 5 сынып оқушылары арасында спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Жетекші: Абилкайров С.М, Байғондыұлы Ә. Эсимбеков С.М.