Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"PISA"  халықаралық зерттеу жұмыстары жүргізілді.
20
қазан
2021
"PISA" халықаралық зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Мектепішілік оқу-тәрбие жоспарына сәйкес, 9-11 сынып оқушыларының математика пәнінен функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында 19 қазан N136 бұйрықпен "PISA"  халықаралық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сараптамаға қатысқан мұғалімдер:  К.М.Абдуллаева Г. Д. Аталыкова  Ф. Т. Журынова А. К. Тұңғышбек Г. М. Полат Директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасары : К. К. Тулеубаева
"Спорт жұлдыздары"
19
қазан
2021
"Спорт жұлдыздары"
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Спорт жұлдыздары" журналының жүлдесі үшін жеңіл атлетикадан мектеп оқушылары арасында өткен республикалық онлайн турнирде 10-12 жас аралығында спринтке 5 "Б" сынып оқушылары Амруллаев Дилмурат және Сыдық Алуа І дәрежелі Дипломмен, Оразалы Әли ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.  Жетекші: Абилкайров С.М
"АЛТЫН САҚА" олимпиадасының жүлдегерлері
19
қазан
2021
"АЛТЫН САҚА" олимпиадасының жүлдегерлері
Алматы қаласы "Зерделі ақыл-ой" дамыту орталығы және №2 ЖББ мектептің ұйымдастыруымен  математика пәні бойынша "АЛТЫН САҚА" олимпиадасына мектеп оқушылары қатысып, жүлделі орындармен марапатталды.  Жетекшілер: Абдуллаева К.М, Журынова Ф.Т, Тұңғышбек А.К
"Ұлағат" әкелер клубымен "Әке - асқар тау" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
18
қазан
2021
"Ұлағат" әкелер клубымен "Әке - асқар тау" тақырыбында дөңгелек үстел
Жетісу ауданы,  №2 ЖББ мектептің "Ұлағат" әкелер клубымен "Әке - асқар тау" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Әкелер кеңесін құрудың мақсаты: отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру.   Әкелер клубының жетекшісі: Абилкайров С.М, Идирисов Р.Е, Тоқтасынов Қ.Т, Барлықбеков Б.С
"Шығармашылық қабілет" атты шығармашылық дарындылар  онкүндігі ашылды.
18
қазан
2021
"Шығармашылық қабілет" атты шығармашылық дарындылар онкүндігі ашылды.
Жетісу ауданы, N2 ЖББМ 18.10.2021-28.10.2021ж аралығында "Шығармашылық қабілет" атты шығармашылық дарындылар  онкүндігі ашылды. Мақсаты:    Дарынды балалардың дамуына жағдай жасау, ғылыми ізденіс әдістерін үйрету арқылы шығармашылыққа баулу, шығармашылық сипаттағы жеке тұлғаны тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу
Мұғалімдер спартакиадасының жүлдегерлері
17
қазан
2021
Мұғалімдер спартакиадасының жүлдегерлері
Алматы қаласы мұғалімдер спартакиадасының қалалық іріктеу сайысында шағын футболдан жалпы командалық ІІ орынды Жетісу аудандық құрама командасы жеңіп алды!
Ұстаздармен кезекті жиналыс өткізілді
15
қазан
2021
Ұстаздармен кезекті жиналыс өткізілді
Жетісу ауданы, N2 ЖББ мектеп директоры Отепбекова Б.М  ұстаздармен кезекті жиналыс өткізді. Жиналыста оқушылардың сабаққа қатысуы, білім сапасы, оқушылардың өмір қауіпсіздігі жайлы айтылды. Мектеп басшысы сынып жетекшілерге онлайн отырған оқушыларды дәстүрлі форматта оқуға шақыру жұмыстарын жүргізуді, пән мұғалімдеріне оқушылардың олимпиадаға, ғылыми жобаларға дайындығын күшейтуді тапсырды.  Пәндер бойынша жиынтық бағалау өткізу мәліметтерімен таныстырды.  Мектеп бойынша тәрбие жұмыстарының
Информатика пәні мұғалімі мектепшілік семинар өткізді
14
қазан
2021
Информатика пәні мұғалімі мектепшілік семинар өткізді
"Күнделікті білім беру үрдісінде әлеуметтік желілерді, бұлттық сервистерді, QR-кодтау технологиясын тиімді қолдану" тақырыбында информатика пәні мұғалімі  Омарова Гүлназ Мархабатқызы ұстаздар арасында мектепшілік семинар өткізді.
Құттықтаймыз!!!
09
қазан
2021
Құттықтаймыз!!!
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Алматы қаласының 1005 жылдығына және Жетісу ауданының 85 жылдығына орай мекемелер арасында шағын футболдан ұйымдастырылған жарысқа , Жетісу ауданының командасы қатысып, 1-орын иеленді. Жетісу ауданы, N2 ЖББ мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Байғондыұлы Ә, тарих пәні мұғалімі Шалбаев Е.Е ауданымыздың намысын қорғап, жеңіске жетті!!! Құттықтаймыз!!!
N2 ЖББ мектеп командасы ІІІ орынмен марапатталды!
08
қазан
2021
N2 ЖББ мектеп командасы ІІІ орынмен марапатталды!
Жетісу аудандық оқу бөлімінің кіші футболдан мұғалімдер арасында өткен аудандық жарыста N2 ЖББ мектеп командасы ІІІ орынмен марапатталды!