Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Мен елімнің ертеңімін!"
18
қаңтар
2021
"Мен елімнің ертеңімін!"
"Мен елімнің ертеңімін!" 5 "Б" сынып оқушысы Дубасов Ибраһим
"Салауатты өмір, көтеріңкі көңіл"
15
қаңтар
2021
"Салауатты өмір, көтеріңкі көңіл"
N2 ЖББ мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдері "Салауатты өмір, көтеріңкі көңіл" тақырыбында спорттық іс-шаралар өткізді. Мақсаты: Оқушылардың «денсаулық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, оны күту іскерліктерін дамыту; Дене, жеке бас гигиенасын сақтау және жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
ІІІ дәрежелі Диплом
14
қаңтар
2021
ІІІ дәрежелі Диплом
"Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен қазақстан тарихы пәнінен "Педстарт" Республикалық қашықтық олимпиадасына тарих пәні мұғалімі Сикибаева Шолпан Құзайырқызы қатысып ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды!
Оқушы жетістіктері
14
қаңтар
2021
Оқушы жетістіктері
"Shakirt online" мектебіндегі маманның авторлық курсына бастауыш сынып оқушылары Оралбай Айтұмар, Хабибулла Ақылбек, Нұртай Расул қатысып Алғыс Хаттармен марапатталды.
ІІІ дәрежелі Диплом
12
қаңтар
2021
ІІІ дәрежелі Диплом
Дарын орталығының ұйымдастыруымен өткен "Baytaq El" экологиядан Республикалық қашықтық олимпиадасына Жетісу ауданы, N2  ЖББМ оқушылары Даутова Камила, Қайратқызы Аяна қатысып ІІІ дәрежелі Дипломдармен марапатталды!
№3 Педагогикалық кеңес
08
қаңтар
2021
№3 Педагогикалық кеңес
Жетісу ауданы, №2 ЖББ мектепте 2021 жылдың 8 қаңтар күні №3 Педагогикалық кеңес өтті. Жиналыс барысында ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша мониторинг жасалынып, мектеп басшысы кеткен кемшіліктер бойынша түзету жұмыстар жүргізілуін тапсырды. ІІІ тоқсанға жоспар құрылып, 9,11 сынып оқушылары аралас оқыту форматына көшуін ұйымдастыру кезіндегі ережелер айтылды. Және жиналыста педагогикалық оқулар қаралды.
Работатехника. "Пайдалы ойындар".
07
қаңтар
2021
Работатехника. "Пайдалы ойындар".
Жетісу аудандық Білім бөлімінің жоспарына сәйкес "Қазақстан балалары - қысқы ғажайып" қысқы каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында ғылыми-техникалық бағыты бойынша "Пайдалы ойындар" робототехникаға байланысты информатика  пәні мұғалімі Жылғамбаева Айзат 4 сынып оқушыларымен онлайн тренинг өткізді.
Оқушы жетістіктері
06
қаңтар
2021
Оқушы жетістіктері
Дарынды бала-Республикалық балалар мен жасөспірімдер сайтының ұйымдастыруымен өткен «Дарынды бала» Республикалық балалар мен жасөспірімдер сайтының ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткен Республикалық «Тұғыры биік – Тәуелсіздік» атты шығармашылық байқауына «Гүлдене бер, Қазақстаным» номинациясы бойынша 5 сынып оқушысы Құрман Аяла, 2 сынып оқушысы Құрман Рания, 6 сынып оқушысы Бақдаулет Таңнұр, Қалиман Аяжан қатысып, ІІ дәрежелі Дипломдармен марапатталды. Жетекшілері: Торгаева Н.Б, Бақытбекқызы
Әдістемелік бірлестіктердің жиналысы
06
қаңтар
2021
Әдістемелік бірлестіктердің жиналысы
Жетісу ауданы N2 ЖББ мектепте санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтай отырып ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша әдістемелік бірлестіктердің жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер: 1. ІІ тоқсанның қорытындысы; 2. Қашықтықтан оқыту кезіндегі әдіс-тәсілдер; 3. Мемлекеттік емтиханға 9,11 сынып оқушыларының дайындығы және үлгерімі; 4. Ағымдағы мәселелер. Жиналыста осы мәселелер қаралып, ұсыныстар жасалынды. 
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері мақала жариялады
06
қаңтар
2021
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері мақала жариялады
Мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімдері Саян Мұратбекұлы мен Әбділлә Байғондыұлының "Дене тәрбиесінің жаршысы" ғылыми-практикалық журналына "Дене жаттығулары мен тиімділікті арттыру процесі", "Оқушыларды бастапқы қимыл қозғалысына үйрету тиімділігін арттыру" тақырыптарындағы мақалалары жарияланды.