Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп мұғалімдеріне семинар тренинг өткізілді.
08
қазан
2020
Мектеп мұғалімдеріне семинар тренинг өткізілді.
Мектеп мұғалімдеріне қашықтан оқытудағы білім беру платформаларын бақылау мақсатында семинар тренинг өткізілді.
"Қазыналы қарттарым"
06
қазан
2020
"Қазыналы қарттарым"
Қарттар күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар негізінде 1-11 сынып оқушыларына "Қазыналы қарттарым" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың бойына қарттарымызды қадірлеу қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
№2 ЖББ мектептің ата-аналарына қашықтықтан оқыту бойынша онлайн жиналыс өтті.
17
қыркүйек
2020
№2 ЖББ мектептің ата-аналарына қашықтықтан оқыту бойынша онлайн
Жетісу ауданы №2 ЖББ мектептің ата-аналарына қашықтықтан оқыту бойынша онлайн жиналыс өтті. Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер: 1. Мектеп формасына талаптар; 2. Қашықтықтан оқыту ережелері; 3. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру платформалары; 4. Қашықтықтан оқыту кезіндегі баланың оқу режимі және демалысы; 5. Балалардың интернет жүйесіндегі жұмысын бақылау; 6. Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынас псхологиясы; 7. Қашықтықтан оқудағы ата-ананың міндеттері; 8. Әр түрлі мәселелер
Мектебіміздің жаңа президенті анықталды.
08
қыркүйек
2020
Мектебіміздің жаңа президенті анықталды.
Мектебіміздің жаңа президенті анықталды. Телеграм желісі арқылы өткен онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша, дауыс берушілердің 51%-ын жинаған 10 "Б" сынып оқушысы Исағали Әліби мектеп президенті болып сайланды! Сайлауға, онлайн түрде 247 адам қатысты! Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Мектептің 5-7 сынып оқушыларына "Абайға 175 жыл" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.
01
қыркүйек
2020
Мектептің 5-7 сынып оқушыларына "Абайға 175 жыл" тақырыбында тәрбие
Жетісу ауданы #2 ЖББ мектептің 5-7 сынып оқушыларына "Абайға 175 жыл" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты: Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
Мектептің 1-4 сынып оқушыларына "Конституцияға -25 жыл" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.
01
қыркүйек
2020
Мектептің 1-4 сынып оқушыларына "Конституцияға -25 жыл" тақырыбында
Жетісу ауданы #2 ЖББ мектептің 1-4 сынып оқушыларына "Конституцияға -25 жыл" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты: Оқушыларға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру.
Мектеп басшысы Отепбекова Б.М мұғалімдермен қашықтықтан Педагогикалық Кеңес өткізді.
29
тамыз
2020
Мектеп басшысы Отепбекова Б.М мұғалімдермен қашықтықтан Педагогикалық
Жетісу ауданы #2 ЖББ мектепте жаңа оқу жылы қарсаңында короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру барысында мектеп басшысы Отепбекова Б.М мұғалімдермен қашықтықтан Педагогикалық Кеңес өткізді. Педагогикалық Кеңесте сабақ беру платформасы, оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау,  ата-анамен үнемі байланыста болу мәселелері талқыланып, мектеп басшысы былтырғы оқу жылын қорытындылап, жаңа оқу жылына дайындықты кушейтуді тапсырды.
Чиликбаев Асхат Қашқынбайұлына мектеп әкімшілігі атынан зор алғысымызды білдіреміз.
28
тамыз
2020
Чиликбаев Асхат Қашқынбайұлына мектеп әкімшілігі атынан зор
"Мектепке жол" акциясы бойынша Алматы қаласы Маслихатының Жетісу ауданы бойынша депутаты Чиликбаев Асхат Қашқынбайұлының Азизбекова Лиза Касымовна мектебіміздің әлеуметтік аз қамтылған отбасының оқушыларына 5 сөмке, 3 планшет сыйға тартты. Чиликбаев Асхат Қашқынбайұлына мектеп әкімшілігі атынан зор алғысымызды білдіреміз.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру барысында кіріспе сабақтар өткізілді.
25
тамыз
2020
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру барысында кіріспе сабақтар өткізілді.
Жетісу ауданы #2 ЖББ мектепте жаңа оқу жылы қарсаңында короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру барысында Омарова Гүлназ 5 "А" сыныбына информатика пәнінен, Бейсенбай Гүлназ 5 "Б" сыныбына ағылшын тілі, Ақтоты Рысқұл 10 "Б" сыныбына ағылшын тілі, Аман Мөлдір 5 "А" сыныбына тарих пәні, Сеитова Айгүл 8 "Б" сыныбына биология пәнінен өткенді қайталау, таныстыру, кіріспе сабақтарын өткізді.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру
24
тамыз
2020
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру
Жетісу ауданы #2 ЖББ мектептің информатика пәні мұғалімі Омарова Гүлназ Мархаббатқызы мектеп мұғалімдерімен қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жүйесі бойынша сабақ дайындау, онлайн сабақ өткізу сервисі, әр түрлі ресурстармен жұмыс істеу тәртібімен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, 15 минуттық көлемінде шеберлік сағатын өткізді.