Оқушылар жетістіктері » Страница 5 » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды!
05
желтоқсан
2022
«Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды!
Республикалық математика пәнінен 5-6-сынып оқушылары арасында өткізілген  «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңінде 5 «А» сынып оқушылары Ілес Әлібек грамотамен марапатталды, Нұрлан Мағжан II орын иеленіп, олимпиаданың қалалық кезеңіне жолдама алды.    Пән мұғалімі: Журынова Ф.Т.
"Мен сурет саламын" тақырыбында шығармашылық туындылар бейнеледі.
17
қараша
2022
"Мен сурет саламын" тақырыбында шығармашылық туындылар бейнеледі.
«Бала құқығы – адам  құқығы» Республикалық онкүндік аясында мектебіміздің 1 "А" сынып оқушылары бейнелеу өнері сабағынан қол саусақтарының моторикасын дамыту, эстетикалық баю  мақсатында, "Мен сурет саламын" тақырыбында шығармашылық туындылар бейнеледі.
"Гидропоника арқылы көк пияз өсіру" тақырыбында ғылыми жобасын қорғап, ІІІ-орын иеленді.
14
қараша
2022
"Гидропоника арқылы көк пияз өсіру" тақырыбында ғылыми жобасын
Алматы қаласы, Жетісу ауданы, N2 ЖББ мектептің 9 "Б" сынып оқушысы Жұмахметов Ержігіт оқушылар арасындағы қалалық ғылыми жоба жарысында "Гидропоника арқылы көк пияз өсіру" тақырыбында ғылыми жобасын қорғап, ІІІ-орын иеленді. Ғылыми жоба жетекшісі: Қағазбекова М.И Құттықтаймыз!
ІІІ-ОРЫН
09
қараша
2022
ІІІ-ОРЫН
Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен ұлттық мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңінде футболдан Жетісу ауданы, N2 ЖББМ құрама командасы қатысып, ІІІ-ОРЫНды жеңіп алды. Құттықтаймыз!!!
"КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫЗ" марафоны
02
қараша
2022
"КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫЗ" марафоны
Мектебіміздің 9 "Б" сынып оқушылары "Балалар жылы" аясында "Оқуға құштар ұлт" жобасын жандандыру мақсатында ұйымдастырылған "КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫЗ" марафонында электронды кітап оқуды меңгере отырып, қоғамда кітап оқу үдерісін қалыптастыруға, дамытуға үлес қосты. Сынып жетекшісі: Қағазбекова М.И
"Кенгуру - математика барлығы үшін"
28
қазан
2022
"Кенгуру - математика барлығы үшін"
Мектебіміздің 4 "Б" сынып оқушылары "Кенгуру - математика барлығы үшін" интеллектуалды ойын-конкурсына қатысып жеңімпаздар атанды. Сынып жетекші: Сарбасова Г.Қ
ІІ дәрежелі Диплом
27
қазан
2022
ІІ дәрежелі Диплом
"Қалдырған ізің мәңгілік" атты қалалық эссе байқауының ІІ дәрежелі Диплом жүлдегері мектебіміздің 10 сынып оқушысы Әділова Аида марапатталады! Жетекші: Умбетова Ж.К
Оқушыларымыз баскетболдан жарысқа барып, жүлдеме оралды!
26
қазан
2022
Оқушыларымыз баскетболдан жарысқа барып, жүлдеме оралды!
Жетісу ауданының мектептері арасында өткізілген баскетбол жарысында мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары қатысып, ұлдар командасы ІІ-орынмен, қыздар командасы ІІІ-орынмен марапатталды. Жетекші: Абилкайров С.М 7-8 сынып оқушылары арасындағы баскетбол жарысына мектебіміздің қыздар командасы қатысып, ІІ орынды жеңіп алды. Жетекші: Барлықбеков Б.С
Хабибулла Ақылбек қатысып, I орынды жеңіп алды.
17
қазан
2022
Хабибулла Ақылбек қатысып, I орынды жеңіп алды.
Алматы қаласы, жасөспірімдер арасында өткізілген бокс жарысына мектебіміздің 6 "А" сынып оқушысы Хабибулла Ақылбек қатысып, I орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз!
5-7 сынып оқушылары арасында футболдан жарыс ұйымдастырды.
14
қазан
2022
5-7 сынып оқушылары арасында футболдан жарыс ұйымдастырды.
Мектебіміздің "Өзін-өзі басқару" ұйымының Мектеп Президенті Исройлов Нұрдаулет, Спорт Министрлері Аширов Ерхан және Рүстемқызы Назым дене шынықтыру пәні мұғалімдері  Абилкайров С.М, Барлықбеков Б.С жетекшілігімен 5-7 сынып оқушылары арасында футболдан жарыс ұйымдастырды. Жарыс нәтижесі бойынша: І- орын - 7 "А" сынып; ІІ- орын - 7 "В" сынып; ІІІ - орын - 6 "А" сынып оқушылары марапатталды!