Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 35
"Болашақ" дебат клубына  мектепішілік турнир өткізілді.
02
ақпан
2022
"Болашақ" дебат клубына мектепішілік турнир өткізілді.
“Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы” Республикалық онкүндік аясында "Болашақ" дебат клубына  мектепішілік турнир өткізілді.  Қарарлар: 1. БП Пандемия жағдайында Қазақстан азаматтарына міндетті түрде вакцинациялау орынды деп санайды. 2. БП Қазақстанның ірі Нұр-Сұлтан, Алматы  қалаларында тұрғындар санына шектеу қою керек деп есептейді. 3. БП ата-аналар өз балаларының әлеуметтік желілердегі парақшаларына кіру мүмкіндігі болу керек деп есептейді. Дебат жетекшісі: Шалбаев Е.Е
“Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы”
01
ақпан
2022
“Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы”
N2 ЖББМ 2022 жылғы 1-11 ақпан аралығында “Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы” Республикалық онкүндігінің басталуына орай өзін-өзі тану пәні мұғалімі А.Е.Қуаныштың ұйымдастыруымен таңертеңгі уақытта оқушыларды мерекелік көңіл-күймен қарсы алды.
Қыз баланың тәртібі, тәрбиесі бойынша дәріс өткізді.
31
қаңтар
2022
Қыз баланың тәртібі, тәрбиесі бойынша дәріс өткізді.
Мектебіміздің 7-11 сынып оқушыларының қыздарына мектеп әкімшілі және мектеп инспекторы А.А.Асылова  "Ерте жүктіліктің алдын алу", қыз баланың тәртібі, тәрбиесі бойынша дәріс өткізді.
"Ұшқыр ой алаңы"
29
қаңтар
2022
"Ұшқыр ой алаңы"
"Ұшқыр ой алаңы" Жетісу ауданы мектеп оқушылары арасында аудандық пікірсайыс (дебат) турнирінен мектебіміздің "Болашақ" дебат клубының мүшелері Исройлов Нұрдаулет пен Әділова Аида қатысып іріктеу кезеңінде жақсы өнер көрсетті. Іріктеу ойындары 3 ойыннан тұрды.  Іріктеу ойындарының қарарлары: БП «Талант» түсінігі жоқ әлемді таңдайды. БП адамдар бір-бірімен бәсекелесуге құлшынысы жоқ әлемді таңдайды. БП ата-аналардың өз балаларының әлеуметтік желілердегі парақшаларына кіру мүмкіндігі болу керек
АЙБЕК ДИНАРА І орынмен марапатталады.
28
қаңтар
2022
АЙБЕК ДИНАРА І орынмен марапатталады.
"Абырой" интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған Республикалық "Ұлт шамшырағы  -  Ыбырай Алтынсарин" байқауына  2 "Б" сынып оқушысы АЙБЕК ДИНАРА қатысып, І орынмен марапатталады.  Сынып жетекші: Жиенбаева А.Ж
«Құқықбұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
26
қаңтар
2022
«Құқықбұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын
Мектебіміздің 1-4 сынып оқушыларына полиция майоры участкелік инспекторы А.А.Асылова, Жетісу ауданының ішкі істер басқармасының ӘПБВ мемлекеттік көлік инспекторы, полиция капитаны М.Т.Мукашов  «Мектеп тәртібі», «Жол қауіпсіздігі», «Жолда жүру ережелері» тақырыбында,  7-8 сынып оқушыларына «Құқықбұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Ұшқыр ой алаңы» мектепішілік дебат турнирі онлайн форматта өткізілді.
25
қаңтар
2022
«Ұшқыр ой алаңы» мектепішілік дебат турнирі онлайн форматта өткізілді.
 Жетісу ауданы, №2 ЖББМ «Ұшқыр ой алаңы» мектепішілік дебат турнирі онлайн форматта өткізілді. Қарар: «БП жоғары білімі жоқ бизнесмендердің жетістік тарихын кең насихаттауға қарсы». Турнир мақсаты: оқушылар арасында шығармашылық әлеуетін іске асыру, азаматтық позицияны қалыптастыру. Жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін, өзінің іс-әрекеті, дамуы үшін өзіне және қоғам алдындағы жауапкершілікті, коммуникативтік дағдыларды, актерлік қабілеттерді, шешендік өнерді, елде байқалатын өзекті
"ЖАС ҒАЛЫМ" ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды!
24
қаңтар
2022
"ЖАС ҒАЛЫМ" ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды!
"ZIAT" ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен "ЖАС ҒАЛЫМ"  XV  Республикалық оқушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстары сайысына 10 "А" сынып оқушысы Құрманбай Елдар ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды!  Жетекші: Журынова Ф.Т
"ЖАС ҒАЛЫМ"  І дәрежелі Дипломмен марапатталды!
24
қаңтар
2022
"ЖАС ҒАЛЫМ" І дәрежелі Дипломмен марапатталды!
"ZIAT" ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен "ЖАС ҒАЛЫМ"  XV  Республикалық оқушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстары сайысына 9 "А" сынып оқушылары Қойшыбай Қажымұрат пен  Мұханбетқали Бақдаулет қатысып, І дәрежелі Дипломмен марапатталды!  Жетекші: Омрова Г.М
"АЛМАТЫ ДАРЫНЫ"  ІІІ дәрежелі Диплом жүлдегері
21
қаңтар
2022
"АЛМАТЫ ДАРЫНЫ" ІІІ дәрежелі Диплом жүлдегері
Алматы қаласы Білім Басқармасының "АЛМАТЫ ДАРЫНЫ" орталығының ұйымдастыруымен өткен 2-7 оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының "Зерде" Республикалық конкурсының қалалық кезеңінің тарих, өлкетану, этномәдентеттану секциясы бойынша ІІІ дәрежелі Диплом жүлдегері 6 "В" сынып оқушысы БЕКЕТ БАЛҒЫН марапатталады! Жетекші: СИКИБАЕВА Ш.Қ