Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 47
«Жас биологтар – 2021» интеллектуалды сайысын өткізді.
28
қазан
2021
«Жас биологтар – 2021» интеллектуалды сайысын өткізді.
2021 жылдың 28 қазан күні биология пәні мұғалімі Сеитова А.Н 8-9 сынып оқушылары арасында «Жас биологтар – 2021» интеллектуалды сайысын өткізді. Сайыстың мақсаты: Оқушылардың ой-өрістерін дамыта отырып, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, табандылықпен шешім қабылдауға, оны дəлелдеуге үйрету, биология пəніне деген қызығушылықтарын ояту. Достарымен топтасып жұмыс жасауға баулу.
"Бала құқығы- адам құқығы"
28
қазан
2021
"Бала құқығы- адам құқығы"
Жетісу аудандық Білім бөлімінің тапсырмасы негізінде, мектепішілік жоспарға сәйкес 20 қазан 20 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне арналған "Бала құқығы- адам құқығы" атты айлық аясында дене шынықтыру пәні мұғалімдері 8-10 сынып оқушылары арасында футболдан жарыс ұйымдастырды. Ұйымдастырушы: Барлықбеков Б.С, Абилкайров С.М, Байғондыұлы Ә, Эсимбеков Е.Қ.
"Сөз құра!" ойыны
28
қазан
2021
"Сөз құра!" ойыны
Жетісу аудандық Білім бөлімінің тапсырмасы негізінде, мектепішілік жоспарға сәйкес 20 қазан 20 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне арналған "Бала құқығы- адам құқығы" атты айлық аясында бастауыш сынып мұғалімі Тойкулова Б.А 1 "Б" сынып оқушыларына жылдам  сөз  құрау, дыбыстық  талдау жасау мақсатында  "Сөз құра!" ойынын ойнатып, "Б" дыбысы мен әріпі" тақырыбында көңілді сабақ өткізді.
"Ұшқыр ой мен шешен тіл" атты сайыс өткізілді.
27
қазан
2021
"Ұшқыр ой мен шешен тіл" атты сайыс өткізілді.
Жетісу ауданы, N2 ЖББМ  "Шығармашылық қабілет" атты шығармашылық дарындылар  онкүндігі аясында 6 "А", 6 "Б", 6 "В" сынып оқушылары арасында "Ұшқыр ой мен шешен тіл" атты сайыс өткізілді.  Мақсаты: оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділікерін арттыру. Ұйымдастырушы: Туралиева Г.М, Бейсенбай Г.Ш, Сикибаева Ш.Қ.
"ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА - 2021"
27
қазан
2021
"ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА - 2021"
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты бағдарламалық мақаласын педагогтермен білім алушылардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен "ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА - 2021" атты республикалық байқауға қатысып жеңімпаз атанған 11 "В" сынып оқушысы БЕГЖАНОВА АЛИНА ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталады. Жетекші: АТАЛЫКОВА Г.Д
"Алтын Күз" байқауының нәтижесі бойынша номинация тағайындалды
26
қазан
2021
"Алтын Күз" байқауының нәтижесі бойынша номинация тағайындалды
Мектебімізде 5-9 сынып оқушылары арасында онлайн өткізілген "Алтын Күз" байқауының нәтижесі бойынша: БАС ЖҮЛДЕ - 5 "Б" сынып; І ОРЫН - 7 "Б" сынып; ІІ ОРЫН - 5 "А" сынып; ІІ ОРЫН - 6 "А" сынып; ІІ ОРЫН - 6 "В" сынып; ІІІ ОРЫН - 6 "Б" сынып; ІІІ ОРЫН - 7 "А" сынып  Номинация - 9 "А" сынып оқушылары марапатталды!  Ұйымдастырушы:  ДТІЖО: Әбілжан М.Ә Аға тәлімгер: Торгаева Н.Б 10 "А" сынып жетекшісі: Сариева Г.А 10 "Б" сынып жетекшісі: Журынова Ф.Т
Онлайн "Алтын Күз" байқауы ұйымдастырылды
26
қазан
2021
Онлайн "Алтын Күз" байқауы ұйымдастырылды
Күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі. Күзде жеміс жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең. Күздің байлығы бау-бақшасызда әбден пісіп жетілген көкеністер мен жемістер, малдың, құстың, аңның әбден семірген кезі. Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі.  Мектебімізде 5-9 сынып оқушылары арасында онлайн "Алтын Күз" байқауы ұйымдастырылып, "Күз кереметі" атты оқушылардың салған суреттері мен дайындаған
"Алтын Күз" байқауы
25
қазан
2021
"Алтын Күз" байқауы
Күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі. Күзде жеміс жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең. Күздің байлығы бау-бақшасызда әбден пісіп жетілген көкеністер мен жемістер, малдың, құстың, аңның әбден семірген кезі. Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі.  Мектебімізде 5-9 сынып оқушылары арасында онлайн "Алтын Күз" байқауы ұйымдастырылып, "Күз кереметі" атты оқушылардың салған суреттері мен дайындаған
"Мұражайға саяхат" 9 "А" сынып
23
қазан
2021
"Мұражайға саяхат" 9 "А" сынып
"Мұражайға саяхат" тақырыбында 9 "А" сынып оқушыларын сынып жетекшісі Омарова Г.М. орталық мұражайға алып барды.       Оқушылардың ой-өрісін, танымдық қабілеттерін, рухани құндылықтарын арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту мақсатында мұражайға саяхат жасау  маңызды рөл атқарады.
"Тәуелсіз ел - дені сау ұрпақ"
21
қазан
2021
"Тәуелсіз ел - дені сау ұрпақ"
Жетісу ауданы, N2 ЖББМ тәрбие жоспарына сәйкес "Тәуелсіз ел - дені сау ұрпақ" тақырыбында 5 сынып оқушылары арасында спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Жетекші: Абилкайров С.М, Байғондыұлы Ә. Эсимбеков С.М.