Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 49
"Zerdeli грант" пәндік олимпиада
29
қыркүйек
2021
"Zerdeli грант" пәндік олимпиада
Алматы қаласы "Zerdeli" ақыл-ой дамыту мектебі және N2  ЖББ мектептің ұйымдастыруымен оқушылар арасында  "Zerdeli грант" пәндік олимпиадаларына мектеп оқушылары қатысып, Дипломдармен марапатталды!
"Қазіргі заманғы жастарға патриотизм тән бе?" тақырыбында пікірсайыс өткізілді.
28
қыркүйек
2021
"Қазіргі заманғы жастарға патриотизм тән бе?" тақырыбында пікірсайыс
Жетісу ауданы, N2  ЖББ мектептің "Болашақ" дебат клубы мүшелеріне "пікір сайыс деген не?, оның форматтары, ережелері" түсіндіріліп, "Қазіргі заманғы жастарға патриотизм тән бе?" тақырыбында пікірсайыс өткізілді.  Оқушылар екі топқа бөлініп патриот болудың түрлерін ортаға салып, талқылады. Әр оқушы өз пікірлерін еркін жеткізіп, ұжымдық шешім қабылдады.  Жетекші: Шалбаев Е.Е
"Жастар және интернет" тақырыбында пікірталас өткізді.
28
қыркүйек
2021
"Жастар және интернет" тақырыбында пікірталас өткізді.
Жетісу ауданы, N2  ЖББ мектептің "Болашақ" дебат клубы "Жастар және интернет" тақырыбында пікірталас өткізді.  Оқушылар екі топқа бөлініп интернеттің пайдасы және зиян тұстарын ортаға салып, талқылады. Әр оқушы өз ойларын еркін жеткізіп, ұжымдық шешім қабылдады.
"Тіл мерекесі"
22
қыркүйек
2021
"Тіл мерекесі"
Мектебіміздің 4 "Б" сынып оқушылары "Тіл мерекесіне" арнап ақындардың өлеңдерін жолдайды. Сынып жетекшісі: Чамкарова А.Б.
Үш тілде ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқу
21
қыркүйек
2021
Үш тілде ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқу
Жетісу ауданы, N2  ЖББМ Қоғамдық-гуманитарлық әдістеме бірлестігі "Тілдер күні" және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткізіліп жатқан "Тіл деген алып мұхит, түбі терең" атты онкүндігі аясында оқушылар арасында  үш тілде ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.  Мақсаты: оқушылар бойына тілге деген құрметті арттыру, үш тілде сауатты сөйлеуге баулу.
9-11 сынып оқушыларымен оқу жаттығуы жүргізілді.
21
қыркүйек
2021
9-11 сынып оқушыларымен оқу жаттығуы жүргізілді.
Жетісу ауданы №2 ЖББ мектептің 9-11 сынып оқушыларына "төтенше жағдайлардың алдын алу", "жер сілкінісі кезіндегі қорғану шараларын жүргізу" мақсатында оқу жаттығуы (сейсмотренировка) өткізілді.
«Адал болайық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
20
қыркүйек
2021
«Адал болайық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Жетісу ауданы, №2 ЖББ мектептің «Адал Ұрпақ» ұйымына «Адал болайық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  Дөңгелек үстелдің мақсаты:  Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялата отырып, олардың алға қойған мақсаты мен оған жету жолындағы адалдық пен әділдік жөнінде ізденістерін саралап, нәтижелі іс жасау керектігін түсіну.  Жетекші: аға тәлімгер Торгаева Н.Б
"Адалдық дүкені" акциясы өз жұмысын бастады
20
қыркүйек
2021
"Адалдық дүкені" акциясы өз жұмысын бастады
Жетісу ауданы, N2 ЖББ мектепте "Адалдық дүкені" акциясы өз жұмысын бастады.  "Адалдық дүкеніне" талап бойынша кез келген тауарды сатып алғысы келген әр оқушы оның ақысын арнайы ыдысқа салып, өз-өзіне қызмет атқарады.  "Адалдық дүкенінің" мақсаты: оқушылардың бойына рухани адамгершілікті дамыта отырып, адал болуға тәрбиелеу. "Адал Ұрпақ" ұйымының жетекшісі 10 "Б" сынып оқушысы Қалиманова Ақбота оқушыларды адал болуға, "сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет" қалыптастыруға шақырады.
"Электр тогынан зақымданудың алдын-алу"
17
қыркүйек
2021
"Электр тогынан зақымданудың алдын-алу"
Жетісу ауданы, N2 ЖББ мектеп оқушыларына "Электр тогынан зақымданудың алдын-алу" мақсатында сыныптан тыс сабақтар өткізілді.  Мақсаты: Оқушыларға электр тогын қолдану барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету.
"Спорттық Алматы"
14
қыркүйек
2021
"Спорттық Алматы"
Жетісу ауданы, N2 ЖББМ дене шынықтыру пәні мұғалімі Абилкайров С.М қала күніне орай  "Спорттық Алматы" бағдарлама аясында 11 сыныптар арасында "JUMP ROPE" турнирін ұйымдастырды. Жеңіске жеткен оқушылар Дипломдармен марапатталды!