Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 58
"Ана - тіршілік тірегі"
06
сәуір
2021
"Ана - тіршілік тірегі"
"Ана - тіршілік тірегі" атты қалалық эссе байқауына мектебіміздің 11 "Б" сынып оқушысы Нұрлан Ақнұр қатысып, ІІІ орынмен марапатталды!  Жетекші: Умбетова Ж.К
Оқушы жетістіктері!
01
сәуір
2021
Оқушы жетістіктері!
Мектебіміздің 11 "А" сынып оқушысы Тлеуберді Мария гимнастика бойынша Қазақстан Республикасының Кубогында өнер көрсетіп ІІІ орынмен марапатталды!!!
"Әр жанұядан бір ағаш егу" атты челенджі
19
наурыз
2021
"Әр жанұядан бір ағаш егу" атты челенджі
Алматы қаласы Білім басқармасының тапсырмасы негізінде,  Наурыз мерекесін ұйымдастыру барысында мектепішілік жоспарға сәйкес, "Әр жанұядан бір ағаш егу" атты челенджін мектебіміздің 9 сынып оқушылары жалғасытырады. Олар мектеп ауласына тал отырғызып, оқушылар жасаған ұяларды ағашқа ілді.
"Тоғызқұмалақ - қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны"
19
наурыз
2021
"Тоғызқұмалақ - қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны"
Алматы қаласы Білім басқармасының тапсырмасы негізінде,  Наурыз мерекесін ұйымдастыру барысында мектепішілік жоспарға сәйкес, дене шынықтыру пәні мұғалімі Барлықбеков Б.С 3 сынып оқушыларына "Тоғызқұмалақ - қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны" тақырыбында сабақ өткізді.  Сабақтың мақсаты: оқушыларға ұлттық ойынның тарихын таныстыра отырып, негізгі шарттарын түсіндіру арқылы логикалық ойлау қабілетін, математикалық амалдарды тез санау арқылы ой-өрісін дамыту.
Психологиялық тренинг-сабақ
18
наурыз
2021
Психологиялық тренинг-сабақ
Мектеп психологы Қуаныш А.Е 11 сынып оқушыларына арналған психологиялық тренинг-сабақ өткізді.  Тренинг-сабақтың мақсаты: ҰБТ тапсырушы 11-сынып оқушыларының бойындағы стрестік қалыптан арылту, сенімді мінез-құлықты дамыту.
"Кибербуллинг дегеніміз не?, Кибербуллингтің алдын алу жолдары" тақырыбында тренинг сабақ
18
наурыз
2021
"Кибербуллинг дегеніміз не?, Кибербуллингтің алдын алу жолдары"
Мектеп психологы Қуаныш А.Е  7-8 сынып оқушыларына "Кибербуллинг дегеніміз не?, Кибербуллингтің алдын алу жолдары" тақырыбында тренинг сабақ өткізді.  Мақсаты: Оқушыларға кибербуллинг туралы мағлұмат беру, адамның ең басты құндылығы оның бостандығы екендігін түсіндіру, оқушыларға адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету
Қысқы Кубок футбол жарысынан І орын
17
наурыз
2021
Қысқы Кубок футбол жарысынан І орын
Мектебіміздің 4 "Б" сынып оқушысы ОРАЗАЛЫ ӘЛИ Алматы қаласында өткен Қысқы Кубок футбол жарысынан І орын жүлдесімен марапатталады!
"Наурыз - жыл басы"
16
наурыз
2021
"Наурыз - жыл басы"
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында мектебіміздің 1-11 сынып оқушыларына "Наурыз - жыл басы" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты:  Наурыз мейрамы туралы оқушыларға түсінік беру; ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу; ұйымшылдылыққа, өнерге баулу.
"Даналық әліппесі" кітаптарымен таныстырды
16
наурыз
2021
"Даналық әліппесі" кітаптарымен таныстырды
Мектеп кітапханашысы Алдиярова Г.Б  1 кезекші сынып оқушыларына "Даналық әліппесі" кітаптарымен таныстырып, инновациялық сөйлейтін қаламмен қалай оқу керектігін  көрсетіп, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырды.
«Граттаж» техникасы
15
наурыз
2021
«Граттаж» техникасы
Мектебіміздің 5 сынып оқушыларына Әбілжан М. жетекшілігімен көркем еңбек сабағынан «Граттаж» техникасы туралы сабақ өтті.   « Граттаж – бұл тырнау әдісі ( «граттаж» француз тілінен аударғанда grater – тырнау).  Бұл үшін: Қалың қағазға балаусыз немесе сабын жағады, үстінен жалпақ қылқаламмен қою бояу жағылады,  көмірдің қиыршығын алып, қарандаш сияқты бояп сурет салынады.  Дымқыл қағаздағы суретке  губкамен сулап, бетіне сурет салынады.   Қағазға ақ немесе түрлі түсті бормен сурет салуға да