Оқушыларға » Страница 6 » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 6
6 "Б" сынып оқушылары
10
сәуір
2023
6 "Б" сынып оқушылары
Мектебіміздің 6 "Б" сынып оқушылары, сынып жетекшісі Джетписова Ж.А жетекшілігімен демалыс күндері сауда ойын-сауық орталығына барып, достарымен керемет көңіл күй көтеріп, қыдырып қайтты.
"Асыл өнердің алып ары - Темірбек Жүргенов" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
07
сәуір
2023
"Асыл өнердің алып ары - Темірбек Жүргенов" тақырыбында дөңгелек
№2 ЖББМ 10 «Б» сыныбының сынып жетекшісі Мақсот А.Б сынып оқушыларымен "Асыл өнердің алып ары - Темірбек Жүргенов" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Жүргеновтың өмірі мен қызметін таныстыру.Туған  жерін сүюге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
«Алаштың арда ұлы – Темірбек Жүргенов» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
06
сәуір
2023
«Алаштың арда ұлы – Темірбек Жүргенов» тақырыбында дөңгелек үстел
№2 ЖББМ 6 «А» сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Шалбаев Е.Е «Алаштың арда ұлы – Темірбек Жүргенов» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оқушыларға мемлекет қайраткері және журналист    Темірбек Мақсаты: Жүргеновтың өмірі мен қызметін таныстыру.Туған  жерін сүюге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
"Наурыз - жыл басы" тақырыбында тәрбие сағаты
06
сәуір
2023
"Наурыз - жыл басы" тақырыбында тәрбие сағаты
Мектебіміздің 2 "Б" сынып оқушыларына "Наурыз - жыл басы" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі Тойкулова Б.А оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиеледі. Ұлттық биіміз қара жорға биін үйретті.
«Қылмыс пен жаза» тақырыбында әңгіме сабақ
06
сәуір
2023
«Қылмыс пен жаза» тақырыбында әңгіме сабақ
Мектебіміздің «АДАЛ ҰРПАҚ» ұйымының жетекшілері 10 «Б» сынып оқушылары Тоқтасын Альмира, Жұмабай Ақбота 7 «В» сынып оқушыларына «Қылмыс пен жаза» тақырыбында әңгіме сабақ өткізді. Оқушылар қылмыстың түрлерін ажыратып, заңның түрлерін айтып,  жазаның түрлерін ортаға салып, ойларын талқылады.  Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету; Заң алдындағы жауапкершілікті білу, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге, саяси сауаттылыққа баулу.
11 сынып оқушыларына “Мамандық таңдау” тақырыбында Еркеш Садыковна дәріс өткізді.
05
сәуір
2023
11 сынып оқушыларына “Мамандық таңдау” тақырыбында Еркеш Садыковна
Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамту” заңы аясында Жетісу ауданы білім бөлімі мен Алматы әкімдігі жанындағы “Халықты жұмыспен қамту” орталығының ұйымдастыруымен онлайн формат арқылы мектебіміздің 11 сынып оқушыларына “Мамандық таңдау” тақырыбында Еркеш Садыковна дәріс өткізді.
"Құстар - біздің досымыз!"
05
сәуір
2023
"Құстар - біздің досымыз!"
Құстар табиғаттың керемет тіршілік иелері.  Мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары "Құстар - біздің досымыз!" атты іс-шараға белсене қатысып, құстарға деген қамқорлық, мейірімділік көрсету мақсатында ұя жасап, дайындап әкелді. Ұяларды "Өзін-өзі басқару" ұйымының оқушылары мектеп ауласындағы ағаштарға ілді.
“АИТВ және оның алдын алу шаралары”
04
сәуір
2023
“АИТВ және оның алдын алу шаралары”
Алматы қалалық ЖИТС-пен күресу орталығының эпидемиолог дәрігері Үсенқұл Мадина Мешірқызы “АИТВ және оның алдын алу шаралары” тақырыбында мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларына  дәріс өткізді.
"Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтың 80 жылдығы" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
04
сәуір
2023
"Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтың 80 жылдығы" тақырыбында тәрбие сағатын
№2 жалпы білім беретін мектеп "Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтың 80 жылдығы" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, Абай жолы роман – эпопеясымен таныстыру. Оқушыларды ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру.
9 "А" сынып оқушысы НИЕТБАЙ АЙАРУ марапатталады.
03
сәуір
2023
9 "А" сынып оқушысы НИЕТБАЙ АЙАРУ марапатталады.
8-11сынып оқушылары арасындағы Республикалық "ӘБІШ ОҚУЛАРЫ" байқауының аудандық кезеңінде "Ә.Кекілбаевтың шығармаларын мәнерлеп оқу" номинациясы бойынша І орынды жеңіп алған мектебіміздің 9 "А" сынып оқушысы НИЕТБАЙ АЙАРУ марапатталады. Жетекші: СҮЙЛЕЙМЕНОВА Г.З