Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 69
"Есірткінің зияны туралы" онлайн-лекция өткізді.
20
қазан
2020
"Есірткінің зияны туралы" онлайн-лекция өткізді.
Мектебіміздің 9-10 сынып оқушыларына дәрігер психиатр-нарколог Кенесбекова Салия Кенесбекқызы "Есірткінің зияны туралы" онлайн-лекция өткізді. Лекцияда есірткі, темекі, алкогольді ішімдіктердің адам өміріне айтарлықтай зиян әкелетіні туралы айтылды.  Психиатр-нарколог оқушыларды салауатты өмір сүру салтына шақырды.
"Өрт қаіпсіздігін сақтайық"
20
қазан
2020
"Өрт қаіпсіздігін сақтайық"
Мектебіміздің 5-11 сынып оқушыларына "Өрт қаіпсіздігін сақтайық" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өрттің қаншалықты қауіпті екендігі туралы түсіндіру, оттың тілсіз жау екенін ұғындыру.  Өрттен, оттан сақтану жолдарын, от өшіретін құралды пайдалануды үйрету. Оқушыларды өрттің алдын алуға ынталандыру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. 
"онлайн мектеп" платформасын қолдану ережелері
17
қазан
2020
"онлайн мектеп" платформасын қолдану ережелері
Информатика пәні мұғалімі Омарова Гүлназ Мархабатқызы 9 "А", "Б", "В" сынып оқушыларымен онлайн конференция өткізді.  Мақсаты: "онлайн мектеп" платформасын дұрыс қолдану, оның ішінде видеоконференцияға қосылу, микрофонмен камераны дұрыс қолдану, үй тапсырмасына файлдарды жүктеу, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын дұрыс енгізу т.б ережелерімен таныстыру. 
"Алтын Күз" байқауы
16
қазан
2020
"Алтын Күз" байқауы
Күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі. Күзде жеміс жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең. Күздің байлығы бау-бақшасызда әбден пісіп жетілген көкеністер мен жемістер, малдың, құстың, аңның әбден семірген кезі. Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі.  Мектеп оқушыларының мектепішілік "Алтын Күз" байқауына дайындаған икебаналары, сән үлгісі, алтын түстес сарғайған күз суретін тамашалаңыздар. 
"Алтын күз" 6"А" сынып
16
қазан
2020
"Алтын күз" 6"А" сынып
Күз- молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі. Күзде жеміс жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең. Күздің байлығы бау-юақшасызда әбден пісіп жетілген көкөністер мен жемістер, малдың, құстың, аңның әбден семірген кезі. Табиғат-күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі.     Мектебіміздің 6"А" сынып оқушыларының  мектепшілік "Алтын күз" байқауына дайындаған икебаналарын тамашалаңыздар. Сынып жетекшісі: Аталыкова Г.Д.
"Алтын күз"
16
қазан
2020
"Алтын күз"
Мектебіміздің оқушылары мектепшілік "Алтын күз" байқауына "сурет" номинациясы бойынша дайындаған жұмыстарын тамашалаңыздар.
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубына оқушылар ант қабылдады.
12
қазан
2020
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубына оқушылар ант қабылдады.
Алматы қаласы, Жетісу ауданы «№2 жалпы білім беру мектебінің» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында құрылған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубына оқушылар ант қабылдады. Клубтың мақсаты – жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен жауапкершілік , патриоттық сезімдерін қалыптастыру
"Менің психикалық денсаулығым" тақырыбында үш күндік вебинар өткізді.
12
қазан
2020
"Менің психикалық денсаулығым" тақырыбында үш күндік вебинар өткізді.
Жетісу ауданы №2 ЖББМ 10 қазан Дүниежүзілік психикалық күніне орай мектеп психологі Қуаныш Ақжан 7-10 қазан аралығында 8-11 сынып оқушыларына "Менің психикалық денсаулығым" тақырыбында үш күндік вебинар өткізді.  Оқушыларға психологиялық бағытта кеңестер беріліп,  психикалық саулықты қалай нығайтуға болатыны айтылды.
"Қазыналы қарттарым"
06
қазан
2020
"Қазыналы қарттарым"
Қарттар күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар негізінде 1-11 сынып оқушыларына "Қазыналы қарттарым" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың бойына қарттарымызды қадірлеу қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.