“Жазғы демалыста мен оқыған кітап”
“Жазғы демалыста мен оқыған кітап” 2-4 сыныптар арасында ой бөлісу болды. Мақсаты: Оқу мәдениетін насихаттау – бос уақытта кітап оқудың маңызды екенін көрсету; Оқырмандық көзқарасты дамыту – оқыған шығарма туралы өз пікіріңмен бөлісу; Жеке тәжірибе арқылы шабыт беру – басқа оқушыларды да кітап оқуға ынталандыру; Кітаптың маңызын түсіндіру – шығармадан түйген ойыңды, алған тәрбиеңді сипаттау; Талдау мен сараптау қабілетін дамыту – кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау, автордың идеясын түсіну.