Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары
04
қыркүйек
2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 30 тамыз – 3 қыркүйек аралығында Қытайға ресми сапармен барғаның білесіздер. Ол сапар ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен жасалды.

Сапар аясында Мемлекет басшысы бірнеше маңызды іс-шараға қатысты:
- Тяньцзинь қаласында өткен ШЫҰ саммитінде сөз сөйледі, ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне қатысты.
- 3 қыркүйекте Бейжіңде өткен әскери парадқа құрметті қонақ ретінде қатысты. Бұл шара Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналды.
- 8-ші Қазақстан–Қытай іскерлік кеңесінің отырысына қатысып, энергетика, көлік инфрақұрылымы, цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы әріптестік мәселелерін талқылады. Нәтижесінде жалпы құны $15 млрд-тан асатын 70-тен астам келісімге қол қойылды.
- Қазақстанның Қытайдағы Мәдениет орталығының ашылу салтанатына қатысты. Бұл – мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудағы маңызды қадам.

Осылайша, Тоқаевтың Қытайға сапары Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға, экономикалық, мәдени және инфрақұрылымдық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге бағытталды.
                 https://www.instagram.com/p/DOLY7IrDAIh/?igsh=YXduaDM0Y3MyczA0