Последние публикации на сайте » Страница 14 » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 14
“Былғары доп” спорт түрінен ІІІ орын
26
желтоқсан
2023
“Былғары доп” спорт түрінен ІІІ орын
Ұлттық мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңінде футбол “Былғары доп” спорт түрінен 9-11 сынып қыздары арасында жалпы командалық есеппен ІІІ-орынмен мектеп қыздар командасы марапатталды!  Жетекші: Барлықбеков Бектұрсын Сүйешович
«Құмар ойындары – тәуелділік қақпаны»
25
желтоқсан
2023
«Құмар ойындары – тәуелділік қақпаны»
25 желтоқсан күні ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасц аясында мектебіміздің 3 “Б” сынып жетекшісі Тойкулова Б.А. ата-аналарға «Құмар ойындары – тәуелділік қақпаны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 1.    Компьютерлік ойындардың баланың психикасына әсері 2.    Интернетті пайдалану режимін сақтау 3.    Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Баланы ойынға тәуелділіктен қалай қорғауға болады? 4.    Компьютерлік ойындарға балама ретінде: спорт, белсенді ойындар, шығармашылық, оқу, серуендеу,
Тәлімменен өрілген біздің дәстүр» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
25
желтоқсан
2023
Тәлімменен өрілген біздің дәстүр» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
25 желтоқсан күні ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында мектебіміздің 4 «Б» сынып жетекшісі Жиенбаева А.Ж. ата-аналарға «Тәлімменен өрілген біздің дәстүр» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  1.    Отбасылық дәстүрлердің өзектілігі. Отбасылық дәстүрлер – отбасындағы қарым-қатынасты нығайтудың, сенімнің, сүйіспеншіліктің көрінісі 2.    Тәрбие тәлімнен. Тату үйдің тамағы тәтті. Отбасылық дәстүрлер мен хоббилердің отбасының бірлігіне ықпалы 3.    Отбасылық дәстүрлерді әдетке
4 "А" сынып оқушысы Чонконова Риза жаңа жыл әнімен Алматы ТВ каналына  шықты
24
желтоқсан
2023
4 "А" сынып оқушысы Чонконова Риза жаңа жыл әнімен Алматы ТВ каналына
Бүгін Алматы ТВ каналына телетүсірілімге 4 "А" сынып оқушысы Чонконова Риза және 5 "А" сынып оқушысы Асылбек Ерболат музыка пәні мұғалімі Шолпан Джумабекованың авторлық әні "Жаңа жыл"  әнін орындады. Жаңа жыл уақытында түсірілім телеканалдардан көрсетілетін болады.
БАС ЖҮЛДЕМЕН марапатталды
23
желтоқсан
2023
БАС ЖҮЛДЕМЕН марапатталды
Мектебіміздің 8”А” сынып оқушысы Еркебұланқызы Еркежан Республикалық «Менің Отаным-Қазақстан» атты өнер байқауына қатысып БАС ЖҮЛДЕМЕН марапатталып, Қытай еліне “Бейнелеу өнері” жанры бойынша жолдама ұтып алды. Құттықтаймыз!
Zhibek joly Kazakhstan"  Республикалық байқауы
22
желтоқсан
2023
Zhibek joly Kazakhstan" Республикалық байқауы
Шымкент қаласында өткізілген "Zhibek joly Kazakhstan"  Республикалық байқауынна мектебіміздің 6 "Б" сынып оқушысы МУКАШЕВ АСЫЛ қатысып, І-ОРЫН  жеңіп алып, түркия елі СТАМБУЛҒА жолдама алды! Жетекші: ШӘЛЕКЕН БАҚБЕРГЕН  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ👏🏻👏🏻👏🏻
“Асық ату“  І орын
21
желтоқсан
2023
“Асық ату“ І орын
Мектебіміздің 7-8 сынып оқушылары аудандық “Асық ату“ жарысына қатысып І орын алып, қалаға жолдама алды. Жетекшісі: Барлықбеков Б.С
“Асық ату“    І орын
20
желтоқсан
2023
“Асық ату“ І орын
Мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары аудандық “Асық ату“ жарысына қатысып І орын алып, қалаға жолдама алды. Жетекшісі: Барлықбеков Б.С
«Сақтар туралы тарихи мәліметтер» тақырыбында 5 ”А” сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді.
19
желтоқсан
2023
«Сақтар туралы тарихи мәліметтер» тақырыбында 5 ”А” сынып
Қазақ тілі - тарих бірлестігінің «Тәуелсіздік-тұғырым» атты тақырыбында онкүндіктің аясында  тарих пәнінің мұғалімі Ауталипова Айгерим Ермекбайқызы «Сақтар туралы тарихи мәліметтер» тақырыбында 5 ”А” сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Мақсаты:Картадан  тайпалық одақтардың  орналасуын көрсету  Ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын  түсіндіру. Сақтар туралы жазған авторлар туралы мәлімет алады.