Елбасымызға 100 күн! » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Елбасымызға 100 күн!
19
қыркүйек
2019

Елбасымызға 100 күн!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа ант беріп, ресми ұлықтау рәсімін өткізгеніне 100 күн толды.
 Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев – Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы. 1953 жылы 17 мамырда Алматыда туған. Әкесі Кемел Тоқаев (1923-1986) Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қазақ жазушысы болған. Анасы Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдер педагогикалық институтында жұмыс істеген.1992 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1993 жылы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, 1994 жылы сыртқы саяси ведомствоның басшысы болды. Тоқаев сыртқы істер министрлігін бес жыл басқарды. 
1999 жылдың наурызында премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Ал 1999-2002 жылдары Қазақстан үкіметін басқарған. 2002 жылдың қаңтарында отставкаға өтініш берді, кейін Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 2007-2011 жылдар аралығында ҚР Парламенті сенатының төрағасы қызметін атқарды. 2011 жылдың наурызында Тоқаев БҰҰ бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры, сондай-ақ Қарусыздандыру жөніндегі конференцияның бас хатшысы болып тағайындалды. 2013 жылдың 16 қазанынан бері – Парламент сенатының төрағасы. Қазақ, орыс, ағылшын, қытай және француз тілдерін біледі.