Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі.
01
желтоқсан
2019

Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі.

Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі.
Сіздерді 1 желтоқсан – Елбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарып келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше. 
Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы - жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі. Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, еліміз, елін сүйген, ел қамқоры азаматтарымыз аман болсын! Баршаларыңызға табыс, сәттілік, сәулелі ғұмыр тілейміз!