"ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ" ойыны » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ" ойыны
25
қаңтар
2020

"ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ" ойыны

"Болашаққа бағдар", "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Алматы қаласы Жетісу ауданы мектептері арасында өткен "ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ" ойынына №2 ЖББМ 9 сынып оқушылары сабақтан тыс, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында қатысып қайтты. 《Қазақ хандығы》 деп аталатын бұл ойынға бір дегеннен төрт қарсылас қатыса алады. Ойыншылар өзара сұлтандардың рөлінде болып, түбінде хан атануға тырсады. Ол үшін қазақ руларының қолдауын сұрауға жасауылдарды жібереді. Туының астына ең көп ру жинаған сұлтан жеңімпаз болып, хан сайланады. «Біз Қазақ хандығы туралы тек жазба түрінде ғана ақпарат аламыз. Ал мұнда қатысушылар ойын арқылы-ақ хандыққа бастар жолдың оңай емес екенін түсінеді. Ойынның ішінде қазақ халқының салт-дәстүрі де ескерілген. Мәселен, қарсыласыңызға барымта жасасаңыз болады. Сондай-ақ «көрімдік», «қалың мал», «тойбастар» деген картаны аша отырып, қарсыласыңызға қолқа салып, ұпай жинауыңызға болады»