Бүгін тарихи күн!!! Тағдырлы күн! » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгін тарихи күн!!! Тағдырлы күн!
15
ақпан
2021

Бүгін тарихи күн!!! Тағдырлы күн!

Бүгін тарихи күн!!! Тағдырлы күн!
1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққан күні.
Бұл күн – көңілде сызы, жүректе ізі қалған ауыр да азапты жылдар мен өткелегі мол өткенді естелік қылып және оны көңілге кесте қылып тоқу ғана емес, сол кездегі ана сүті аузынан кетпеген бауырларымызды еске алар күн!
         Бұл күн – сол кездегі елге ағылған темір табыттардың тоқтаған күні! Бұл күн – жанары жасқа толы жесірлер мен жетімдердің, қара жамылған аяулы аналарымыздың жалғыз ұлын жоқтаған күні!
Бұл күн біздер үшін қайғы болып қатталып, қасірет болып жатталып қалса да тәуелсіз Қазақстанның әрбір күні бейбіт өмірдің бесігінде тербетіліп әрбір үйдің түтінінің түзу шыққанын тілейтін біздер үшін, санамызда қанмен және термен жазылған күн болып қала бермек!