МЕКТЕБІМІЗДЕ “ASHYQ” ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ. » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕКТЕБІМІЗДЕ “ASHYQ” ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.
02
тамыз
2021

МЕКТЕБІМІЗДЕ “ASHYQ” ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.

МЕКТЕБІМІЗДЕ “ASHYQ” ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.

Барлық қауіпсіздік өзімізбен жақындарымыз үшін!

Жетісу ауданы, №2 жалпы білім беретін мектебінің  қызметкерлері  мен балалардың қауіпсіздігі үшін «Ashyq» қосымшасы іске қосты.

Мектеп ғимаратына кіру үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, оны кіреберісте көрсету керек. Қосымша өз кезегінде қызыл, сары, көк және жасыл статустарға бөлінеді.

"Қызыл" статус – адам вирус жұқтырды деген сөз. Яғни оның тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен. Мұндай статустағы адамдар үйден шықпауы тиіс.

"Сары" статус – келушінің ауру жұқтырғандармен байланыста болғанын білдіреді. Оларға үй маңындағы азық-түлік дүкендеріне немесе дәріханаларға баруға рұқсат етілген.

"Көк" түс шықса, ПТР-тест міндетті саналатын орындарды қоспағанда, жүріп-тұруға ешқандай шектеу жоқ деген сөз.

"Жасыл" түс ПТР-тест тапсырып, нәтижесі теріс шыққан адамдар үшін жанады.

"Қызыл" немесе "сары" статус шыққан адамдар  мектепке кіргізілмейді.