Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайына саяхат. 7 "Б" сынып » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайына саяхат. 7 "Б" сынып
01
қараша
2021

Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайына саяхат. 7 "Б" сынып

Әйгілі суретші Ә.Қастеев атындағы музейге мектебіміздің 7 "Б" сынып оқушылары сынып жетекшісі Асылбекова М.Б жетекшілігімен саяхат жасады. 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы - 1976 жылы Т.Г. Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясының (1935 жылы қаланған) және Республикалық қолданбалы өнер музейінің (1970 жылы қаланған) қоры негізінде қаланған.

1984 жылы қаңтарда музейге Қазақ КСР Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді. Музейде Қазақстанның бейнелеу өнері, Қазақстанның қолданбалы өнері, шетел классикалық өнері, жаңа дәуірдегі шетел өнері, қорлар, қайта қалыпқа келтіру, көрме және экспозиция, насихаттау және экскурсиялық қызмет көрсету, ақпарат және баспа ісі сынды 9 ғылыми орталық жұмыс атқарады. Қазіргі таңдағы музейдің қоры өзінің көркемдік деңгейінің жоғарылығымен көптеген әлемдік жинақтардан еш қалыспайды. Музейдің аса бай қорындағы 22500-ден астам кескіндеме, графика, сәулет және Қазақстанның, Ресейдің, Еуропаның, Американың, Шығыс елдері халықтарының қолданбалы өнерінің баға жетпес жұмыстары мұражайдың негізгі қорындағы туындылар болып табылады.
   Оқушылар мұражайдан тарихымызға терең үңіліп, рухани байып, шығармашылыққа қанық болып қайтты.