«Жігіт сұлтаны» » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жігіт сұлтаны»
11
қаңтар
2024

«Жігіт сұлтаны»

Жетісу ауданы, №2 Жалпы білім беретін мектепте 9-11 сынып ұлдары арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы өткізілді. Мақсаты: ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, жігіттерді сегіз қырлы, бір сырлы болуға, яғни, жан-жақтылыққа баулу.     Байқау кезеңдері: 1. «Тегімді менің сұрасаң» - өз-өзін таныстыру кезеңі. 2. «Талапты ерге нұр жауар» - өз өнерін көрсету кезеңі. 3. «Күш атасын танымас» - спорттық сайыс кезеңі. 4. «Еңселі ер – ел қорғаны» - Калашников автоматын жартылай бөлшектеу және құрастыру кезеңі.  5. «Шешен жігіт сөз бастар» - сұрақ-жауап (қазақ халқының салт-дәстүрлері, этнография, мәдениет, тіл мен тарихқа байланысты). Оқушылар байқауға бар өнерлерін салып, белсене қатысты.