Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қалалық семинар
31
наурыз
2025

Қалалық семинар

Қалалық семинар


Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялар мен ғылыми-әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес, #2ЖББМ-де мектебіміздің педагог-зерттеуші мұғалімі Г.Ш. Бейсенбай, педагог-сарапшы мұғалімдері Ш.К.Сикибаева, Ә.Т.Алмағамбетова ұсынылған авторлық бағдарлама негізінде тәжірибені тарату мақсатында “Функционалдық сауаттылық-және ұлттық болмыс” тақырыбында қалалық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты:

Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы ұлттық құндылықтарды терең меңгертуге бағытталған,пәнаралық байланысқа негізделген жаңаша білім беру моделін ұсыну.

Педагог-зерттеуші және педагог-сарапшы мұғалімдер өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, бүгінгі таңда функционалдық сауаттылықтың оқу үдерісіндегі маңыздылығына тоқталды.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз — оқушылардың өмірде түрлі жағдайларда өз білімдерін қолдана білу дағдысы. Яғни, тек мектепте алған теориялық білім ғана емес, оны нақты өмірде дұрыс пайдалану, мәселелерді шеше білу, ақпаратты дұрыс түсіну және қолдана алу дағдысы.

Семинар соңында семинарға қатысушылар бағдарламалардың мазмұны мен құрылымына өз пікірлерін білдірді. Қазіргі таңда оқушы үшін ең тиімді әдіс-тәсілдер қарастырылғанын айтып, тәжірибе алуға үлкен мүмкіндік болғандығы жөнінде өз әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс жасады.
#біртутас_трбие_алматы
#біртутас_тербие @edu.almaty@edualmaty
@daniyar.alkebaiuly @almaty_mektepteri
@jetisy_aydany @jetisu_audandyk_bilim_bolimi
@almaty_birtutas_tarbie@oqu_agartu_ministrligi
@meruert.69@sairan.saifedenov@mnurymbetov
@tamara_shakirowa
#Біртутас_тарбие
#oqu_agartu_ministrligi
#gani_beisembayev
#medetbekovameruert
#езін_езі_
_баскару
#самоуправление