11
қыркүйек
2025
Кездесу
2025 жылғы 11 қыркүйек күні Алматы қаласы Жетісу ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының орынбасары, подполковник Абдрахманов Асылбек Карасаевич Жетісу ауданы №2 жалпы білім беретін мектептің 10–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға патриоттық тәрбие беру, елін қорғаудың маңыздылығы, сондай-ақ ер азаматтарға әскери қызметтің тиімді тұстары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, подполковник оқушылардың болашаққа деген көзқарастарын тыңдап, өз өмірлік тәжірибесінен пайдалы ақыл-кеңестерін бөлісті.
Кездесуді ұйымдастыруға Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Базарбек Айбол Ержанұлы жауапты болды.