Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Адал азамат – берік тәрбие мен сапалы білім жемісі” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
15
қыркүйек
2025

“Адал азамат – берік тәрбие мен сапалы білім жемісі” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Қыркүйек 15  күні мектебімізде директор жанындағы “Адал азамат – берік тәрбие мен сапалы білім жемісі” тақырыбында  жалпы ата-аналар жиналысы өтті.  Жиналыс мақсаты:Ата-аналармен бірлесе отырып, жас ұрпақтың бойында адалдық, жауапкершілік, адамгершілік сияқты қасиеттерді қалыптастыру жолдарын талқылау. Берік тәрбие мен сапалы білімнің тұлға дамуына әсері туралы түсінік бере отырып, мектеп пен ата-ананың тәрбие үдерісіндегі ынтымақтастығын нығайту.  Жиналысқа Жетісу аудандық қылмыстық қудалау бөлімінің аға прокуроры Қадырбаев Әлімбай Еділұлы, №2 қалалық емхананың бас дәрігердің орынбасар Алимбаев Жанибек Арнұрұлы, Мектеп дәрігері Жарылқасымова Жанар Әбілхановна, Кәмелетке толмаған істер жөніндегі бөлім бастығы Матеев Алмас Сағындықұлы қатысып, ата-аналарға кеңес берді.