Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🕊 Республика күніне арналған апталықтың ашылуы
20
қазан
2025

🕊 Республика күніне арналған апталықтың ашылуы

25 қазан — Республика күні. Осы мерекеге орай мектебімізде апталықтың салтанатты ашылуы өтті. Бұл күн — егемен еліміздің тарихындағы ерекше белес, тәуелсіздікке бастар жолдың алғашқы қадамы.

1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация» қабылданды. Сол тарихи сәттен бастап, Қазақстан өзіндік ұстанымы бар, дербес мемлекет ретінде әлемге таныла бастады. Бұл декларация — еліміздің болашақ тәуелсіздігінің іргетасы болды.

Құжатта Қазақстанның егемендігін айқындайтын негізгі ұғымдар бекітілді:
– жеке территориясы мен азаматтығы,
– мемлекеттік бюджеті,
– халықаралық қатынастардағы дербестігі,
– мемлекеттік рәміздері.

Осы құжат арқылы Қазақстанның егемендігі мен территориялық тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан нақты айқындалды.
Сол кезден бастап елімізде демократиялық қоғам құру бағытында ауқымды өзгерістер бастау алды.

Бұл тарихи акт — әлем картасындағы жаңа мемлекет, Қазақстан Республикасының негізін қалаған маңызды кезең болды.
Бүгінде бұл күн мемлекеттік деңгейде кеңінен аталып өтіп, халқымыздың мақтанышына айналды.

2001 жылғы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» №267 заңына сәйкес, 25 қазан мемлекеттік мерекелер қатарына енгізілді.

Ұйымдастырушылар 6"А" сынып оқушылары
Сынып жетекшісі Айтуған Биназир