Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қарттар күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар
05
қазан
2020
Қарттар күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар
Қарттар күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар негізінде мектебіміздің 9 "Б" сынып оқушылары сынып жетекшісі Журынова Фарида Темірхановнамен бірге  ҚҒЗИ ғылыми қызметкері, тыл ардагері Мария Ивановнаның үйіне барып ардагермен кездесіп, сұхбаттасып, азық-түлікпен көмек беріп қайтты. Және мектебіміздің 20 жылға жуық кіші қызметкер міндетін атқарған ардагерлері Подтихов Николай, Лимонова Валентина апайымыздың үйіне барып қуантып қайтты.
№2 ЖББ мектептің ата-аналарына қашықтықтан оқыту бойынша онлайн жиналыс өтті.
17
қыркүйек
2020
№2 ЖББ мектептің ата-аналарына қашықтықтан оқыту бойынша онлайн
Жетісу ауданы №2 ЖББ мектептің ата-аналарына қашықтықтан оқыту бойынша онлайн жиналыс өтті. Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер: 1. Мектеп формасына талаптар; 2. Қашықтықтан оқыту ережелері; 3. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру платформалары; 4. Қашықтықтан оқыту кезіндегі баланың оқу режимі және демалысы; 5. Балалардың интернет жүйесіндегі жұмысын бақылау; 6. Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынас псхологиясы; 7. Қашықтықтан оқудағы ата-ананың міндеттері; 8. Әр түрлі мәселелер
"Түнгі қаладағы балалар"
14
қыркүйек
2020
"Түнгі қаладағы балалар"
Алматы қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігінің хатына сәйкес "Түнгі қаладағы балалар"  дәстүрлі республикалық акциясы бойынша Жетісу ауданы #2 ЖББ  мектеп мұғалімдері 10.09-30.09 күндері 18:00-20:00 уақыт аралығында мектеп оқушыларының бос уақытын қайда өткізетінін анықтау мақсатында кезекшілік рейд жұмыстары жүргізіліп жатыр. Рейд кезінде Орталық мешіт, көк базар, "Саяхат" автобекетінің маңайы, "ойын-сауық клубтарының" маңайы, "Арбат" демалыс
Мектебіміздің жаңа президенті анықталды.
08
қыркүйек
2020
Мектебіміздің жаңа президенті анықталды.
Мектебіміздің жаңа президенті анықталды. Телеграм желісі арқылы өткен онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша, дауыс берушілердің 51%-ын жинаған 10 "Б" сынып оқушысы Исағали Әліби мектеп президенті болып сайланды! Сайлауға, онлайн түрде 247 адам қатысты! Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Мектеп басшысы Отепбекова Б.М мұғалімдермен қашықтықтан Педагогикалық Кеңес өткізді.
29
тамыз
2020
Мектеп басшысы Отепбекова Б.М мұғалімдермен қашықтықтан Педагогикалық
Жетісу ауданы #2 ЖББ мектепте жаңа оқу жылы қарсаңында короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру барысында мектеп басшысы Отепбекова Б.М мұғалімдермен қашықтықтан Педагогикалық Кеңес өткізді. Педагогикалық Кеңесте сабақ беру платформасы, оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау,  ата-анамен үнемі байланыста болу мәселелері талқыланып, мектеп басшысы былтырғы оқу жылын қорытындылап, жаңа оқу жылына дайындықты кушейтуді тапсырды.
Чиликбаев Асхат Қашқынбайұлына мектеп әкімшілігі атынан зор алғысымызды білдіреміз.
28
тамыз
2020
Чиликбаев Асхат Қашқынбайұлына мектеп әкімшілігі атынан зор
"Мектепке жол" акциясы бойынша Алматы қаласы Маслихатының Жетісу ауданы бойынша депутаты Чиликбаев Асхат Қашқынбайұлының Азизбекова Лиза Касымовна мектебіміздің әлеуметтік аз қамтылған отбасының оқушыларына 5 сөмке, 3 планшет сыйға тартты. Чиликбаев Асхат Қашқынбайұлына мектеп әкімшілігі атынан зор алғысымызды білдіреміз.
Мектеп басшысы Отепбекова Б.М мен мектеп әкімшілігі ата-аналарды қабылдауы
25
тамыз
2020
Мектеп басшысы Отепбекова Б.М мен мектеп әкімшілігі ата-аналарды
Жетісу ауданы #2 ЖББ мектепте жаңа оқу жылы қарсаңында короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру барысында санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтай отырып, мектеп басшысы Отепбекова Б.М мен мектеп әкімшілігі ата-аналарды қабылдап, сұрақтарына жауап беріп, түйінді мәселелерді бірлесе талқылауда.
25 отбасы (46 оқушы) уақытша пайдалануға компьютермен қамтамасыз етілді
24
тамыз
2020
25 отбасы (46 оқушы) уақытша пайдалануға компьютермен қамтамасыз
Жетісу ауданы #2 ЖББ мектепте короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантин шаралар жағдайында оқушылардың қашықтықтан оқытуға мектеп тарапынан 25 отбасы (46 оқушы) уақытша пайдалануға компьютермен қамтамасыз етіліп, инженер-программист түсіндірме жұмыстарын жүргізді.   
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру
24
тамыз
2020
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру
Жетісу ауданы #2 ЖББ мектептің информатика пәні мұғалімі Омарова Гүлназ Мархаббатқызы мектеп мұғалімдерімен қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жүйесі бойынша сабақ дайындау, онлайн сабақ өткізу сервисі, әр түрлі ресурстармен жұмыс істеу тәртібімен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, 15 минуттық көлемінде шеберлік сағатын өткізді.
"Мектепте қашықтықтан оқытудың әдіс-тәсілдері"
21
тамыз
2020
"Мектепте қашықтықтан оқытудың әдіс-тәсілдері"
     Жаңа  оқу жылындағы оқу форматтары, қашықтықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру интернет платформасымен танысу мақсатында информатика пәні мұғалімі Омарова Гүлназ Мархаббатқызы "Мектепте қашықтықтан оқытудың әдіс-тәсілдері" тақырыбында онлайн дәріс өткізді. Интернетте жұмыс істеу ерекшеліктерімен, Online Test Pad, KineMaster т.б бағдарламаларымен таныстырды.