Әкімшілік » Страница 35 » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ҚЫСҚЫ ШАБЫТ" атты қашықтықта өткізілген республикалық байқауы
03
ақпан
2020
"ҚЫСҚЫ ШАБЫТ" атты қашықтықта өткізілген республикалық байқауы
Нұр-Сұлтан қаласы Шабыт Білім беру әдістемелік орталығының мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында "ҚЫСҚЫ ШАБЫТ" атты қашықтықта өткізілген республикалық байқауында жүлделі орын алған білім алушыларды дайындағаны үшін көркем еңбек пәні мұғалімдері Назира Бакдаулетовна, Руслан Еркинович ДИПЛОМмен және Алғыс Хатпен марапатталды.
"ҚЫСҚЫ ШАБЫТ" атты қашықтықта өткізілген республикалық байқау
03
ақпан
2020
"ҚЫСҚЫ ШАБЫТ" атты қашықтықта өткізілген республикалық байқау
Нұр-Сұлтан қаласы Шабыт Білім беру әдістемелік орталығының мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында "ҚЫСҚЫ ШАБЫТ" атты қашықтықта өткізілген республикалық байқауында "Сурет" номинациясы бойынша І-ОРЫН Құрман Аяла, Бақдаулет Таңнұр, Қалдыбек Ұлпан, Қалдыбек Дидарбек, Берікхан Аршат, ІІ-ОРЫН Сәкен Айнұр, Бұхарбаева Ақбота, ІІІ-ОРЫН Бұхарбаева Ақбота, Ғалымұлы Әділет МАРАПАТТАЛДЫ!
"Gepard" дене шынықтыру
03
ақпан
2020
"Gepard" дене шынықтыру
Жетісу ауданы №2 ЖБББМ 7 "Б" сынып оқушысы Исрайлов Нұрдаулет Еркін күрестен жасөспірімдер арасында "Gepard" дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің Алматы қалалық ашық біріншілігінде 55+ келі салмақта өнер көрсетіп ІІІ-ОРЫНмен марапатталды!
"Сүйіспеншілік - өмір негізі"
03
ақпан
2020
"Сүйіспеншілік - өмір негізі"
Жетісу ауданы №2 ЖББ мектептің 6 "Б" сынып оқушылары "Сүйіспеншілік - өмір негізі" тақырыбында лездеме өткізді. Мақсаты: оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Сынып жетекшісі: Кагазбекова Макпал Исабековна
"Білімді ұрпақ -елдің болашағы"
01
ақпан
2020
"Білімді ұрпақ -елдің болашағы"
Жетісу ауданы №2 ЖББ мектептің 6 "Б" сыныбына "Білімді ұрпақ -елдің болашағы" тақырыбында ата-ана ашық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: оқушылардың әр салада білімін кеңейту, шығармашылық ізденісін жетілдіру. Отанына, тарихына құрметпен қарауға, еңбекқорлыққа, мақсат қоя білуге тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Кагазбекова Макпал Исабековна Ата-ана: Рсалдиева Мадина Беріковна
"Саналы ұрпақ -Ұлт болашағы"
31
қаңтар
2020
"Саналы ұрпақ -Ұлт болашағы"
Жетісу ауданы №2 ЖББ мектепте Жаратылыстану бағытындағы ғылыми әдістеме бірлестігінің "Саналы ұрпақ -Ұлт болашағы" тақырыбында онкүндіктің жабылуы өтті. Жаратылыстану ғылымдары бойынша физика, математика, информатика, биология, химия, география сабақтарынан ашық сабақтар өткізілді. Өлкетану курсы бойынша зерттеу-зерделеу жұмыстары жүргізілді.
"Мәңгілік өшпес отты жылдар"
31
қаңтар
2020
"Мәңгілік өшпес отты жылдар"
Жетісу ауданы №2 ЖББ мектептің 3 "Б" сыныбына "Мәңгілік өшпес отты жылдар" тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оған қатысқан қазақтың батыр ұл-қыздары туралы мәлімет беру. Отанын, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу, патриоттық сезімге баулу. Сынып жетекшісі: Тойкулова Балқия Абдрахмановна
"SAMAL WATER" таза ауыз су өндіру кәсіпорыны
30
қаңтар
2020
"SAMAL WATER" таза ауыз су өндіру кәсіпорыны
Жетісу ауданы №2 ЖББ мектептің 7 "А" сынып оқушылары Алматы қаласындағы "SAMAL WATER" таза ауыз су өндіру кәсіпорынына сынып жетекшісімен бірге экускурсияға барып, кәсіпорын жұмысымен танысты. Таза судың ерекшелігі, адам өміріне пайдасына қатысты әңгімелеген мамандар оқушыларды кәсіпорын жұмысымен таныстырды. Кәсіпорын басшылығы мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын, көлікпен жеткізу шараларын ұйымдастырды. Экскурсия барысында балалар кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелерімен
"Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы"
30
қаңтар
2020
"Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы"
Жетісу ауданы №2 ЖББ мектептің 9 "А" сыныбына география сабағынан "Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы" тақырыбына ашық сабақ өтті. Мақсаты: Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамын анықтау. Қазақстанның ірі табиғи кешендерін жоспар бойынша сипаттау, оларды картадан көрсету. Пән мұғалімі: Дүйсенова Ақмарал
"Тамақтану рационы"
30
қаңтар
2020
"Тамақтану рационы"
Жетісу ауданы №2 ЖББ мектептің 6 "А" сынып оқушыларына жаратылыстану сабағынан "Тамақтану рационы" тақырыбына ашық сабақ өтті. Мақсаты: тамақтану тәртібімен, пайдалы тағам тізімдері және оның құнарлығымен танысу. Пән мұғалімі: Кагазбекова Макпал Исабековна