Мектеп ұжымы » Страница 5 » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұстаздар Грамотамен марапатталды!!!
05
наурыз
2021
Ұстаздар Грамотамен марапатталды!!!
Мектебімізбің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Еримбетова М.Д, қазақ тілі пәні мұғалімі Туралиева Г.М, директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Акбаева К.Е Жетісу ауданы Білім бөлімінің басшысы Кусаинова С.А және Жетісу аудандық "Ұстаз" кәсіподақ ұйымының төрайымы Алимбаева Н атынан білім беру жүйесіне қосқан үлесі үшін Грамотамен марапатталды!!!
"Тәуелсіздіктің 30 жылдығына'' арналған "Директор кубогы" жарысы өткізілді.
26
ақпан
2021
"Тәуелсіздіктің 30 жылдығына'' арналған "Директор кубогы" жарысы
Жетісу ауданы №2 жалпы білім беретін мектепте "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған" ұстаздар мен ата-аналар арасында волейболдан  "Директор кубогы" жарысы өткізілді.
Мектеп директоры Отепбекова Б.М ұстаздармен кезекті жиналысын өткізді.
22
ақпан
2021
Мектеп директоры Отепбекова Б.М ұстаздармен кезекті жиналысын өткізді.
Жетісу ауданы, №2 ЖББМ директоры Отепбекова Б.М ұстаздармен кезекті жиналысын өткізді.  Жиналыста оқушылардың сабаққа қатысуы, білім сапасы айтылып, пән мұғалімдеріне мемлекеттік емтихан тапсыратын 9, 11 сынып оқушыларының білім деңгейлеріне баса назарда ұстауды  тапсырды.
5-9 сынып ата-аналарына «ДИРЕКТОРЛЫҚ СЕНБІ - АТА-АНА ҮНІ»  онлайн кездесу өтті.
20
ақпан
2021
5-9 сынып ата-аналарына «ДИРЕКТОРЛЫҚ СЕНБІ - АТА-АНА ҮНІ» онлайн
№2 жалпы білім беретін мектепте 5-9 сынып ата-аналарына «ДИРЕКТОРЛЫҚ СЕНБІ - АТА-АНА ҮНІ»  онлайн кездесу өтті. Мақсаты: қашықтықтан оқыту жағдайында балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселелерінде, құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ "мектеп - бала -ата-ана" қарым-қатынасы мен өзара ықпалдасуына қатысты психологилық-педагогикалық қолдау бойынша барлық толғандыратын мәселелерде ата-аналарға көмек көрсету.
"Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер" тақырыбында коучинг.
18
ақпан
2021
"Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер" тақырыбында коучинг.
Жетісу ауданы, №2 ЖББМ "Білім басы бастауыштан қаланар, білімменен әлемге жол салынар" атты апталықтың аясында бастауыш сынып мұғалімі Молдакарызова Ж.Ж  жас мамандарға және бастауыш пәні мұғалімдеріне "Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер" тақырыбында коучинг өткізді.
"Есіңе мені алғайсың" атты мерекелік кеш өтті
09
ақпан
2021
"Есіңе мені алғайсың" атты мерекелік кеш өтті
Мектебімізде ғажайып ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арнап мектеп жастарының ұйымдастыруымен "Есіңе мені алғайсың" атты мерекелік кеш өткізілді.
Ұстаздармен кезекті жиналыс өткізілді.
06
ақпан
2021
Ұстаздармен кезекті жиналыс өткізілді.
2021 жылдың 6 ақпан күні N2 ЖББ мектеп директоры Отепбекова Б.М ұстаздармен кезекті жиналысын өткізді.  Жиналыста апталық жұмысты қорытындылап, пән мұғалімдеріне мемлекеттік емтихан тапсыратын 9, 11 сынып оқушыларының білім деңгейлеріне баса назарда ұстауды  тапсырды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша өтетін аудандық олимпиада нұсқаулығымен таныстырып, олипиадаға қатысатын оқушылардың сапалы дайындықпен барып, жүлделі орын алуына сәттілік тіледі.
№2 ЖББМ директоры Б.М.Отепбекова 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерімен жиналыс өткізді.
28
қаңтар
2021
№2 ЖББМ директоры Б.М.Отепбекова 11 сыныпқа сабақ беретін пән
Жетісу ауданы, №2 ЖББМ директоры Б.М.Отепбекова 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерімен жиналыс өткізді. Жиналыста мемлекеттік емтиханға дайындық жұмыстары мен Алтын белгі мен қызыл аттестатқа үміткер оқушылардың білім деңгейлері талқыланып, пән мұғалімдеріне тапсырмалар берілді.
"Жемқорлық зардабы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
22
қаңтар
2021
"Жемқорлық зардабы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де зор нұқсан келтіріп отыр. Осы орайда мектебіміздің "Адал Ұрпақ" ұйымына "Жемқорлық зардабы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу барша қазақстандықтар үшін ортақ міндет.