Мектеп ұжымы » Страница 7 » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп директоры Отепбекова Б.М  ата-ана ұжымына  онлайн форматта есеп беру кездесуін өткізді.
23
қазан
2020
Мектеп директоры Отепбекова Б.М ата-ана ұжымына онлайн форматта
Алматы қаласының Білім беру басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігіне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінен 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 29 тармағын орындау мақсатында мектеп директоры Отепбекова Б.М  ата-ана ұжымына  онлайн форматта есеп беру кездесуін өткізді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1. Мектепке бөлінген қаржының игерілуі, мектептің материалдық-техникалық базасының жағдайы; 2. Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты
Мектеп ұстаздарына онлайн форматта жиналыс өткізді.
20
қазан
2020
Мектеп ұстаздарына онлайн форматта жиналыс өткізді.
Жетісу ауданы, #2 ЖББ мектеп басшысы Отепбекова Б.М мектеп ұстаздарына онлайн форматта жиналыс өткізді. Жиналыс барысында педагогтерге Республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін қосымша еңбекақылары жайлы анықтама беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұғалімдер еңбекақысы, оқу жүктемесі, педагогикалық жұмыс стажы, білік, біліктілік санаты туралы сұрақтар қойып, жауап алды.
"онлайн мектеп" платформасын қолдану ережелері тақырыбында онлайн семинар
17
қазан
2020
"онлайн мектеп" платформасын қолдану ережелері тақырыбында онлайн
Информатика пәні мұғалімі Омарова Гүлназ Мархабатқызы мұғалімдер арасында "онлайн мектеп" платформасын қолдану ережелері тақырыбында онлайн семинар өткізді. Мақсаты: "онлайн мектеп" платформасында өз сабақтарын дайындау және БЖБ, ТЖБ құрастыру, видеоконференцияда сабақтарды демонстрациялау т.б дұрыс қолдану ережелерімен таныстыру.
"Online mektep" платформасы
16
қазан
2020
"Online mektep" платформасы
Жетісу ауданы #2 ЖББ мектептің 8 "Б" сынып оқушыларына "Online mektep" платформасы арқылы тарих пәнінен "Бірінші дүниежүзілік соғыс әлем картасын қалай өзгертті?" тақырыбындағы өткен сабағына мектеп әкімшілігі қатысып, бақылауда. Қашықтықтан оқыту кезінде тарих пәні мұғалімі Шалбаев Еламан оқушыларға тиімді диалог алаңын құрып,  сабақ беру тәсілін түрлендіріп,  сапалы білім беруде. Пән мұғалімі: Шалбаев Е.Е
"Алтын күз"
16
қазан
2020
"Алтын күз"
Мектебіміздің оқушылары мектепшілік "Алтын күз" байқауына "сурет" номинациясы бойынша дайындаған жұмыстарын тамашалаңыздар.
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубына оқушылар ант қабылдады.
12
қазан
2020
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубына оқушылар ант қабылдады.
Алматы қаласы, Жетісу ауданы «№2 жалпы білім беру мектебінің» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында құрылған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубына оқушылар ант қабылдады. Клубтың мақсаты – жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен жауапкершілік , патриоттық сезімдерін қалыптастыру
Мектеп мұғалімдеріне семинар тренинг өткізілді.
08
қазан
2020
Мектеп мұғалімдеріне семинар тренинг өткізілді.
Мектеп мұғалімдеріне қашықтан оқытудағы білім беру платформаларын бақылау мақсатында семинар тренинг өткізілді.
"Қазыналы қарттарым"
06
қазан
2020
"Қазыналы қарттарым"
Қарттар күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар негізінде 1-11 сынып оқушыларына "Қазыналы қарттарым" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың бойына қарттарымызды қадірлеу қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Қарттар күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар
05
қазан
2020
Қарттар күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар
Қарттар күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар негізінде мектебіміздің 9 "Б" сынып оқушылары сынып жетекшісі Журынова Фарида Темірхановнамен бірге  ҚҒЗИ ғылыми қызметкері, тыл ардагері Мария Ивановнаның үйіне барып ардагермен кездесіп, сұхбаттасып, азық-түлікпен көмек беріп қайтты. Және мектебіміздің 20 жылға жуық кіші қызметкер міндетін атқарған ардагерлері Подтихов Николай, Лимонова Валентина апайымыздың үйіне барып қуантып қайтты.