Іс-шаралар » Страница 3 » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Елбасының табысқа жету жолы” тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.
11
желтоқсан
2020
“Елбасының табысқа жету жолы” тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.
Алматы қаласы, Жетісу ауданы №2 жалпы білім беретін мектептің “Bolashaq” дебат клубының ұйымдастыруымен “Елбасының табысқа жету жолы” тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.
Тәуелсіздік күніне орай мектеп оқушылары сурет көрмесін ұйымдастырды.
09
желтоқсан
2020
Тәуелсіздік күніне орай мектеп оқушылары сурет көрмесін ұйымдастырды.
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз! Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл! Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық! Тәуелсіздік күніне орай мектеп оқушылары сурет көрмесін ұйымдастырды.
«Өзін-өзі басқару ұйымы» сіздерді 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтайды!
08
желтоқсан
2020
«Өзін-өзі басқару ұйымы» сіздерді 16 желтоқсан - Қазақстан
Алматы қаласы, Жетісу ауданы №2 жалпы білім беретін мектептің «Өзін-өзі басқару ұйымы» сіздерді 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтайды!
«Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына» арналған онкүндіктің ашылуы өтті.
23
қараша
2020
«Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына» арналған онкүндіктің ашылуы өтті.
Эстетика бірлестігінің «Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына» арналған онкүндіктің ашылуы өтті. Эстетика бірлестігі «Елім менің» әнін бірге шырқап, Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерін жас ұрпаққа насихаттады.
"Қазақстан балалары - күзгі интерактив"
12
қараша
2020
"Қазақстан балалары - күзгі интерактив"
Жетісу аудандық Білім бөлімінің жоспарына сәйкес "Қазақстан балалары - күзгі интерактив" күзгі каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында интеллектуалды бағыты бойынша "Шахмат стратегиясы" тақырыбына  дене шынықтыру пәні мұғалімі Абилкаиров Саян Мұратбекұлы 4 сынып оқушыларымен онлайн кездесу өткізді.
Ұлы кемеңгер, ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабиге 1150 жыл
22
қазан
2020
Ұлы кемеңгер, ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабиге 1150 жыл
Мектебіміздің математика пәні мұғалімдері Абдуллаева Кульнар Молдабековна мен  Спан Ұлжан ұлы кемеңгер ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арнап 11 сынып оқушыларымен және мектеп ұстаздарының қатысуымен онлайн дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: келешек ұрпаққа Әбу Насыр Әл-Фарабидің бізге қалдырған мұраларымен таныстыру және оқушыларға ұлы ғұламаның өмірі арқылы мотивация беру. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, қойылған мақсатқа қол жеткізді.
"Алтын Күз" байқауы
16
қазан
2020
"Алтын Күз" байқауы
Күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі. Күзде жеміс жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең. Күздің байлығы бау-бақшасызда әбден пісіп жетілген көкеністер мен жемістер, малдың, құстың, аңның әбден семірген кезі. Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі.  Мектеп оқушыларының мектепішілік "Алтын Күз" байқауына дайындаған икебаналары, сән үлгісі, алтын түстес сарғайған күз суретін тамашалаңыздар. 
"Алтын күз" 6"А" сынып
16
қазан
2020
"Алтын күз" 6"А" сынып
Күз- молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі. Күзде жеміс жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең. Күздің байлығы бау-юақшасызда әбден пісіп жетілген көкөністер мен жемістер, малдың, құстың, аңның әбден семірген кезі. Табиғат-күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі.     Мектебіміздің 6"А" сынып оқушыларының  мектепшілік "Алтын күз" байқауына дайындаған икебаналарын тамашалаңыздар. Сынып жетекшісі: Аталыкова Г.Д.
"Алтын күз"
16
қазан
2020
"Алтын күз"
Мектебіміздің оқушылары мектепшілік "Алтын күз" байқауына "сурет" номинациясы бойынша дайындаған жұмыстарын тамашалаңыздар.
"ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 80 жас мерейтойы" тақырыбында онлайн түрде тәрбие сағаттары
20
мамыр
2020
"ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 80 жас мерейтойы" тақырыбында
  Жетісу ауданы №2 ЖББ мектептің 5-10 сынып оқушыларына "ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 80 жас мерейтойы" тақырыбында онлайн түрде тәрбие сағаттары өтті.