Іс-шаралар » Страница 6 » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
Отбасы - тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы.
25
қазан
2019
Отбасы - тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде мектебімізде "Отбасы -  тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты және ата-әжелермен кездесу өтті. Мақсаты: Отбасы тәрбиесі мәселелерін талқылау, оқушылардың отбасы туралы білімдерін кеңейтуге ықпал ету, отбасының әрбір адамының өміріндегі маңыздылығын арттыру.
АЛТЫН КҮЗ! мерекесі
23
қазан
2019
АЛТЫН КҮЗ! мерекесі
Мектебімізде 5-10 сыныптар арасында Алтын Күз мерекесі өтті. Оқушыларымыз күзгі вальс биін билеп, сән үлгісін көрсетіп, экибанна жасап, көрініс пен ән билерімен бар өнерлерін ортаға салды.
Эстафеталық спорттық сайыс
18
қазан
2019
Эстафеталық спорттық сайыс
Мектебіміздің 1-3 сынып оқушыларына Эстафеталық спорттық сайыс өтті. Мақсаты: Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
"Ел болашағы - саналы ұрпақ"
14
қазан
2019
"Ел болашағы - саналы ұрпақ"
8 "Б" сынып оқушылары "Ел болашағы - саналы ұрпақ" тақырыбында рухани бай, бойынан адамгершілік қасиеті көрінетін, саналы ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған лездеме өткізді. Мақсаты: Ұлы ақын, данышпан Абайдың қар сөздері мен өлеңдері арқылы егеменді елдің жарқын болашағы үшін алдағы мақсатымызды бағдарлау, саналы ұрпаққа ой салу.
"Қыз болашағы - ел болашағы"
11
қазан
2019
"Қыз болашағы - ел болашағы"
Жетісу ауданы №2 ЖББ мектебінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы негізінде 2019 жылдың 4-14 қазан аралығында БҰҰ Бас ассамблеясының жарияланғае Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық онкүндік аясында мектепішілік "Қыз болашағы - ел болашағы" тақырыбында декада жоспары жасалып, жоспарға сәйкес "Қыз әдептілігімен - әдемі" тақырыбында қыздар жиналысы, "Ажарлы, сұлу, ғажап, қыздары қандай қазақтың!" тақырыбында дөңгелек үстел, "Біз - саналы ұрпақпыз" тақырыбында флешмоб
"Тіл - татулық тірегі"
17
қыркүйек
2019
"Тіл - татулық тірегі"
Мектебімізде 1-2 сынып оқушыларына "Жарқын жол", 3-11 сынып оқушыларына "Тіл - татулық тірегі" тақырыбында тәрбие сағаты өтті.  Мақсаты: Оқушыларға өз тіліміздің құдіретін, ұлтымыздың мақтанышы, айбаты екенін насихаттау, тіл -татулықтың, достықтың тетігі, тәрбиенің көзі, халықты біріктірудің маңызды фактор екенін өскелең ұрпаққа ұғындыру.
"Мектепке жол" платформасы құрылды.
15
тамыз
2019
"Мектепке жол" платформасы құрылды.
"Атамекен" қоғамдық қорының қолдауымен www.atamekenim.kz порталында көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтінімдерін қалдыра алатын "Мектепке жол" платформасы құрылды.  @zhetisu_roo 
"Спутник" лагері
12
тамыз
2019
"Спутник" лагері
Жетісу ауданы, №2 ЖББ мектептің оқушылары қала сыртындағы "Спутник" лагеріне демалуға кетті. Жақсы демалып, уақыттарын қызықты өткізіп келуіне тілектеспіз!
Кел, балалар, оқылық!
05
тамыз
2019
Кел, балалар, оқылық!
Мектебімізде 1 сыныпқа баратын оқушылар үшін тегін дайындық сабақтары жүргізілуде. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық. Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар, Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар.
"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ"  Республикалық қайырымдылық акциясы
01
тамыз
2019
"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" Республикалық қайырымдылық акциясы
    Мектебіміздің барлық ата-аналары "Мектепке жол" акциясына белсене араласуда. Атап айтқанда, мектептің қамқоршылық кеңесінің демеуі арқасында бастауыш сынып оқушыларына оқу құралдары сыйға тартылды. Мектеп әкімшілігі атынан көмек қолын ұсынған ата-аналарға зор алғысымызды білдіреміз!    Көмекке мұқтаж жандарға қуаныш сыйлауға ниет білдіруші жандарды акцияға қатысуға шақырамыз!    Акция жалғасуда!