Біз туралы » Страница 11 » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 11
Тренинг "IT teachers"
07
желтоқсан
2023
Тренинг "IT teachers"
Жаратылыстану- математика бірлестігінің «Цифрлық әлемге-кемел біліммен» тақырыбында онкүндігі аясында математика пән мұғалімі Полат Гүлжан Мейрамқызы "IT teachers" тақырыбында мұғалімдерге тренинг өткізді.
Ашық сабақ 8 "А" сыныбымен
07
желтоқсан
2023
Ашық сабақ 8 "А" сыныбымен
Жаратылыстану- математика бірлестігінің «Цифрлық әлемге-кемел біліммен» тақырыбында онкүндігі аясында математика пәні мұғалімі Журынова Фарида Темирхановна “Математикалық білімнің қажеттілігі бар ма?” тақырыбында 8 а сынып оқушыларымен дебат өткізілді. Мақсаты:  математика пәнінің маңыздылығын түсіне білуге, өз ойын айта  білуге , бірін-бірі тыңдай білуге және қарсы пікір айта білуге үйрету,  цифрлық құзыреттіліктерін арттыру
"Қауіпсіз интернет  балалар көзімен"
07
желтоқсан
2023
"Қауіпсіз интернет балалар көзімен"
Мектебіміздің 7 "А" сынып оқушыларына "Қауіпсіз интернет  балалар көзімен" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты: Ғаламтордың пайдасы мен зиянын ажырата білу. Сынып жетекшісі: Мұхамеджанова А.И
6 "Б" сынып  "Абайлаңыз, жұқа мұз"
07
желтоқсан
2023
6 "Б" сынып "Абайлаңыз, жұқа мұз"
Мектебіміздің 6 "Б" сынып оқушыларына "Абайлаңыз, жұқа мұз" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мұз қауіпсіздігін есте сақтауға, берілген ескертулермен, ережелер белгілерімен таныстыру, нұсқауларды дұрыс орындауға тәрбиелеу.  Өз денсаулығының бағалы байлық екендігіне көз жеткізуге жағдай жасау. Мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары мен өзін-өзі құтқару. Сынып жетекшісі: Умбетова Ж.К
құқықбұзушылықтың алдын алу
07
желтоқсан
2023
құқықбұзушылықтың алдын алу
Жетісу ауданы прокуратурасының мемлекеттік айыпты қолдау бөлімінің аға прокуроры М.Т. Кәнісова мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларына құқықбұзушылықтың алдын алу, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
"Тәуелсіз елдің ұландары"
07
желтоқсан
2023
"Тәуелсіз елдің ұландары"
Республика күні қарсаңызда мектебіміздің 5 "А" сынып оқушыларына "Тәуелсіз елдің ұландары" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  Мақсаты: оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Сынып жетекші: Журынова Ф.Т
"Smart IT" интелектуалды сайысы
06
желтоқсан
2023
"Smart IT" интелектуалды сайысы
Информатика пәні мұғалімі Омарова Гүлназ Мархабатқызы 10-11 сынып арасында  "IT" мамандығын таңдап отырған оқушылармен интеллектуалды сайыс өткізді.                              Сайыс мақсаты:  Мектептегі жоғарғы сынып оқушыларының жан-жақты ізденісін,шығармашылық қабілеттерін шыңдау,ҰБТ-ке дайындығын нығайту.
Жаратылыстану пәнінен 6 "А" сынып оқушылары ашық сабақта.
05
желтоқсан
2023
Жаратылыстану пәнінен 6 "А" сынып оқушылары ашық сабақта.
Жаратылыстану пәні мұғалімі Мендібаева С.Е. 6 "А" сыныбымен "Тұрмыстағы химия. тұрмыстағы химияны қолданудағы қауіпсіздік ережелері" тақырыбында ашық сабақ көрсетті.  Сабақ мақсаты: Тұрмыстық химия өнімдерін қолдану  саласын  анықтайды.   Күнделікті тұрмыста қолданылатын химиялық заттар, олардың пайдасы мен зияны туралы түсінік қалыптастыру.
«ХХІ ғасыр көшбасшысы»
05
желтоқсан
2023
«ХХІ ғасыр көшбасшысы»
Химия пәнінен Нұрбек Айгерим интеллектуалды ойын көрсетті. Тақырыбы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы» Мақсаттар: Қойылған сұрақтарды шешуде гипотеза қоя білу дағдыларын дамыту, ақыл-ой қабілеттерін дамыту. Оқытылатын пәндерге тұрақты қызығушылықты, білімге деген оң көзқарасты, ұжымдық шығармашылық белсенділікті тәрбиелеу. Оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен дағдыларын дамыту.Тәжірибе жасай отырып, пәнге баулу.
Ашық сабақ  7 "А" сынып
05
желтоқсан
2023
Ашық сабақ 7 "А" сынып
Биология пәні мұғалімі Кагазбекова М.И. 5-ші желтоқсан күні 7"А" сыныбына ашық сабақ өткізді. Сабақ тақырыбы: Тыныс алу - энергия көзі. Тыныс алу типтері: анаэробты және аэробты. Анаэробты және аэробты тыныс алуды салыстыру. Сабақ мақсаты: Тыныс алудың маңызын біледі, типтерін ажыратады Тыныс алудың маңызын салыстырып түсіндіре алады, анаэробты және аэробты тыныс алуды сипаттайды. Тірі азғалар үшін тыныс алудың маңызын түсінеді.