Біз туралы » Страница 167 » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 167
Жаратылыстану пәндері апталығы
28
қаңтар
2019
Жаратылыстану пәндері апталығы
2019 жылдың қаңтар айының 21 мен 28 аралығында мектебімізде жаратылыстану пәндері апталығы өтті. Апталық барысында пән мұғалімдері ашық сабақтар, интеллектуальдық ойындар мен коучинг ұйымдастырып, өткізді. Апта соңында апталыққа  белсене қатысқан оқушылар марапатталды.
Республикалық "ҚАМҚОРЛЫҚ" акциясы.
25
қаңтар
2019
Республикалық "ҚАМҚОРЛЫҚ" акциясы.
Жыл сайынғы  10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында  Республикалық "Қамқорлық" қайырымдылық акциясы әбиылда өз жалғасын табуда.  Акция мақаты: әлеуметтік көмек көрсету және оқумен қамтылған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу. тұрмыс жағдайы төмен, көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан, жетім, ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға қолкөрсету, әлеуметтік жағдайының жақсаруына үлес қосып, көмекгін көрсету. Мектебімізде ата-аналар тарапынан көмек көрсетілді.
"Шұбар доп" мектеп лигасы. ІІІ ОРЫН
25
қаңтар
2019
"Шұбар доп" мектеп лигасы. ІІІ ОРЫН
Жетісу ауданы №2 ЖББ мектеп командасы 25 қаңтар 2019 жылы Алматы қаласы Білім басқармасының "Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы ұжымының" ұйымдастыруымен ұлдар арасында өткізілген "Шұбар доп" мектеп лигасында  үздік ойын көрсетіп, ІІІ орынды жеңіп алды. Жаттықтырушылар: Барлықбеков Б.С.   Байғонды А.Б.
І дәрежелі диплом
19
қаңтар
2019
І дәрежелі диплом
"Ғұмырдария" орталығы ұйымдастырған Халықаралық "Жырлайды жүрек" атты байқауда М.Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндері мен атанған  ақын өлеңдерін оқудан "Көркем сөз" номинациясы бойынша лауреат мектебіміздің мақтанышы 8 "Б" сынып оқушысы Нұсқабай Алуа І-дәрежелі дипломмен марапатталды.  Жетекшісі-қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Умбетова Жанат Құлпыбайқызы!