Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 168
"Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі"
12
қараша
2019
"Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі"
Жетісу ауданы #2 ЖББ мектебінің 1 сынып жетекшілері Исабаева Э.Н, Кержикеева С.Р "Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі" тақырыбында Бастауыш сыныптардың ӘБ отырысына дөңгелек үстел өткізді. Мұғалімдер бір-бірімен пікір алмасып, келісіп, ойларын дәлелдеді. Критериалды бағалау жүйесі оқушы бойындағы үрейленуді жояды, мұғалімді "төрешілік" қызметінен босатады. Оқушы бойында өз іс-әрекетіне баға беру және іс-әрекетіне үлкен жауапкершілікпен қарау қабілетінің дамуына ықпал етеді. Жетісу
"ШАМШЫРАҚ"
11
қараша
2019
"ШАМШЫРАҚ"
Алматы қаласы Жетісу ауданы #2 ЖББ мектебінде "ШАМШЫРАҚ" шығармашылық қоғамдастығының ұйымдастырылуымен "Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабағында ұлттық құндылықтарымызды оқыту арқылы заманауи білім алу құзыреттілігін қалыптастырудың тәжірибелік-қоғамдастық алаңы" тақырыбында аудандық семнар өтті. 
"Тәуелсіздік толқыны -Қазақстан жастары"
10
қараша
2019
"Тәуелсіздік толқыны -Қазақстан жастары"
Жетісу ауданы #2ЖББ мектептің 1-11 сынып оқушыларына "Тәуелсіздік толқыны -Қазақстан жастары" тақырыбында тәрбие сағаты өтті және 10 "Б" сынып оқушылары тәуелсіздік күніне арналған лездеме өткізді. Мақсаты: 1.Оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар  бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп,  осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларын еске түсіру. 2. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей , қастерлей білуге
"Кедергісіз келешек"
07
қараша
2019
"Кедергісіз келешек"
Жетісу ауданы #2 ЖББ мектептің 10 сынып оқушылары "Кедергісіз келешек" мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: жастарды мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға бейімделулеріне көмек көрсетуге, олардың бойындағы дарындылық пен өмірге деген құштарлығын көре білуге, қоғамда өз орны бар екендігіне сенімді болуларына жәрдем беруге, бауырмалдыққа кішіпейілдікке баулу. Сынып жетекшілері: Саипова К.А, Торгаева Н.Б 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
06
қараша
2019
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
2019 жылдың 6 қарашасында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы #10 хаттамасын орындау мақсатында Алматы қаласы Білім бөлімі және Жетісу аудандық білім бөлімінің тапсырмасын орындау барысында Жетісу ауданы #2 ЖББ мектепте бірыңғай жалпыреспубликалық "Адалдық сағаты" интерактивті түрде 5-10 сынып оқушыларына өткізілді. Мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа
"Адалдық сағаты"
06
қараша
2019
"Адалдық сағаты"
2019 жылдың 6 қарашасында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы #10 хаттамасын орындау мақсатында Алматы қаласы Білім бөлімі және Жетісу аудандық білім бөлімінің тапсырмасын орындау барысында Жетісу ауданы #2 ЖББ мектепте бірыңғай жалпыреспубликалық "Адалдық сағаты" интерактивті түрде 5-10 сынып оқушыларына өткізілді. Мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа
"Адамгершілік -асыл қасиет"
05
қараша
2019
"Адамгершілік -асыл қасиет"
Жетісу ауданы #2 ЖББ мектепте 7 "А" сынып оқушылары "Адамгершілік -асыл қасиет" тақырыбында лездеме, 1-11 сынып оқушыларына "Адамгершілік тәрбиесі -басты мақсат" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты: Білімділік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету; Дамытушылық: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту; 
"Менің кәсіби мамандығым"
01
қараша
2019
"Менің кәсіби мамандығым"
Жетісу ауданы #2 ЖББ мектептің жас мамандарына "Менің кәсіби мамандығым" тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Мақсаты: мұғалімнің әртүрлі жағдаяттағы педагогикалық шеберлігін анықтау, жас мамандардың педагогикалық шеберлігін дамыту. 
28 Панфилов паркіне және Орталық демалыс саябағына серуен
01
қараша
2019
28 Панфилов паркіне және Орталық демалыс саябағына серуен
Мектебіміздің 7 "А" сынып оқушылары күзгі демалыс уақытын сәтті пайдаланып "28 Панфилов паркіне және Орталық демалыс саябағына" барып серуендеп қайтты. Сынып жетекшісі Букабаева Айман 
"Педагогикалық идеялар панорамасы" білім беру ұйымдарына арналған бейне сабақ курсы
01
қараша
2019
"Педагогикалық идеялар панорамасы" білім беру ұйымдарына арналған
Жетісу ауданы #2 ЖББМ математика пәні мұғалімі Абдуллаева Кульнар Молдабековна "Педагогикалық идеялар панорамасы" білім беру ұйымдарына арналған бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің жыл сайынғы республикалық конкурсының қалалық кезеңінің "Орта білімді оқытудағы заманауи технологиялар" бағыты "Математика мұғалімі" аталымы бойынша ІІІ дәрежелі ДИПЛОМмен марапатталынды!