Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Умбетова Ж.К Алғыс Хатпен марапатталды.
26
тамыз
2021
Умбетова Ж.К Алғыс Хатпен марапатталды.
"Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы" атынан оқушыларды қашықтан оқытуды ұйымдастыруда оқу пәнінен тірек-конспектілерді әзірлеуге белсене ат салысқаны үшін мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Умбетова Ж.К Алғыс Хатпен марапатталды.
Ұстаздармен жиналыс
23
тамыз
2021
Ұстаздармен жиналыс
Жетісу ауданы, №2 ЖББ мектеп директоры Отепбекова Б.М ұстаздармен жиналыс өткізді.  Мектеп басшысы жиналыста оқушылардың оқулықпен толық қамтамасыз етуін айтып, жаңа оқу жылына дайындықты күшейтуді тапсырды.
2021-2022 жаңа оқу жылын ұйымдастыру
18
тамыз
2021
2021-2022 жаңа оқу жылын ұйымдастыру
Жетісу ауданы, №2 жалпы білім беретін мектепте 2021-2022 жаңа оқу жылында оқушылар оқулықтармен қамтамасыз етіліп, мектепте ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Мектебіміз асқақ арманмен, үкілі үмітпен білім алу мақсатында келетін оқушыларымызды асыға күтеді.
"Ұстаз бен оқушыны табыстыратын платформа"
09
тамыз
2021
"Ұстаз бен оқушыны табыстыратын платформа"
Daryn Online орталығының директоры Жарбеков Абылайханның ұйымдастыруымен "Ұстаз бен оқушыны табыстыратын платформа" тақырыбында өткізілген семинарға N2  ЖББМ мұғалімдері қатысты.
Республикалық тамыз конференциясы
09
тамыз
2021
Республикалық тамыз конференциясы
Жетісу ауданы, N2 ЖББ мектептің бастауыш сынып мұғалімдері "Білімді ұлт - тұрақты даму кепілі" тақырыбындағы педагогтердің Республикалық тамыз конференциясына қатысты.
" Ауырып ем іздегенше , ауырмайтын жол ізде "
05
тамыз
2021
" Ауырып ем іздегенше , ауырмайтын жол ізде "
Елімізде болып жатқан соVID - 19 ауруының алдын алу мақсатында вакцина салу жұмыстары жүргізіліп жатыр . Бұл вакцина иммундық жүйені вирусқа қарсы тұруға дағдыландырып , ауру жұқтырмаудың алдын алады . Осы орайда , Алматы қаласы Жетісу ауданы №2 жалпы білім беретін мектептің 60 - тан астам ұстаздары , 20 - ға жуық кіші қызметкерлері 100% вакцина салдырды.  Барша 18 жасқа толған , вакцина қоюға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ қазақстандықтарды және әріптестерімді вакцина салдыруға шақырамын
"Балақайлар мектебі" ұйымдастырылуда.
04
тамыз
2021
"Балақайлар мектебі" ұйымдастырылуда.
№2 жалпы білім беретін мектебінде 02.08.2021 жылдан бастап балаларды мектепке дайындау мақсатында "Балақайлар мектебі" ұйымдастырылуда. Дайындық кезінде сауат ашу және математика сабақтары өткізіледі.
МЕКТЕБІМІЗДЕ “ASHYQ” ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.
02
тамыз
2021
МЕКТЕБІМІЗДЕ “ASHYQ” ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.
МЕКТЕБІМІЗДЕ “ASHYQ” ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ. Барлық қауіпсіздік өзімізбен жақындарымыз үшін! Жетісу ауданы, №2 жалпы білім беретін мектебінің  қызметкерлері  мен балалардың қауіпсіздігі үшін «Ashyq» қосымшасы іске қосты. Мектеп ғимаратына кіру үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, оны кіреберісте көрсету керек. Қосымша өз кезегінде қызыл, сары, көк және жасыл статустарға бөлінеді. "Қызыл" статус – адам вирус жұқтырды деген сөз. Яғни оның тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен. Мұндай статустағы