Мұғалімдер » Страница 6 » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
1-4 сынып оқушыларының "АЛТЫН КҮЗ" мерекесіне дайындаған икебаналары.
11
қараша
2022
1-4 сынып оқушыларының "АЛТЫН КҮЗ" мерекесіне дайындаған икебаналары.
Күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі. Күзде жеміс жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең. Күздің байлығы бау-бақшасызда әбден пісіп жетілген көкеністер мен жемістер, малдың, құстың, аңның әбден семірген кезі. Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі.  Мектебіміздің 1-4 сынып оқушыларының "АЛТЫН КҮЗ" мерекесіне дайындаған икебаналары. Ұйымдастырушы: Бастауыш сынып жетекшілері
ІІІ-ОРЫН
09
қараша
2022
ІІІ-ОРЫН
Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен ұлттық мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңінде футболдан Жетісу ауданы, N2 ЖББМ құрама командасы қатысып, ІІІ-ОРЫНды жеңіп алды. Құттықтаймыз!!!
"Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
08
қараша
2022
"Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл" тақырыбында тәрбие
Мектебіміздің 2-10 сынып оқушыларына тәрбие жоспарына сәйкес "Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Сабақтың мақсаты:        1.  Оқушыларға қазақтың аса айбынды билерінің бірі- қаз дауысты Қазыбек бидің  тарихтағы       орны мен шешендік сөздерінің шығу тарихын түсіндіру, жан-жақты талдау жұмыстарын ұйымдастыру; 2. Оқушылардың өздігінен іздену, ойлау, есте сақтау, шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттыра отырып, өз пікірі бар сауатты оқушы
"Өнерлі өрге жүзеді" атты вокал номинациясы бойынша ІІ орынмен марапатталды!
02
қараша
2022
"Өнерлі өрге жүзеді" атты вокал номинациясы бойынша ІІ орынмен
Алматы қаласы кәсіподақтар орталығы ұйымдастырған аудандық байқауыына мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Шәлекен Бақберген қатысып, "Өнерлі өрге жүзеді" атты вокал номинациясы бойынша ІІ орынмен марапатталды!
ІІ дәрежелі Диплом
27
қазан
2022
ІІ дәрежелі Диплом
"Қалдырған ізің мәңгілік" атты қалалық эссе байқауының ІІ дәрежелі Диплом жүлдегері мектебіміздің 10 сынып оқушысы Әділова Аида марапатталады! Жетекші: Умбетова Ж.К
Оқушыларымыз баскетболдан жарысқа барып, жүлдеме оралды!
26
қазан
2022
Оқушыларымыз баскетболдан жарысқа барып, жүлдеме оралды!
Жетісу ауданының мектептері арасында өткізілген баскетбол жарысында мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары қатысып, ұлдар командасы ІІ-орынмен, қыздар командасы ІІІ-орынмен марапатталды. Жетекші: Абилкайров С.М 7-8 сынып оқушылары арасындағы баскетбол жарысына мектебіміздің қыздар командасы қатысып, ІІ орынды жеңіп алды. Жетекші: Барлықбеков Б.С
Ата-аналар арасында "Шахмат және дойбы" ойындарынан жарыс ұйымдастырды.
18
қазан
2022
Ата-аналар арасында "Шахмат және дойбы" ойындарынан жарыс
Жетісу ауданы, №2 ЖББМ "Қарттарым - асыл қазынам!" атты қарттар айлығы аясында дене шынықтыру пәні мұғалімі Абилкайров С.М ата-аналар арасында "Шахмат және дойбы" ойындарынан жарыс ұйымдастырды.  Жарыс нәтижесі бойынша ата - аналар орындармен және номинациялармен марапатталды!  І-орын - Утегенов Абдурашид; ІІ-орын Чонконов Асқар;  ІІІ-орын Абдазов Уткирбек. Құттықтаймыз!
"Халықаралық PISA зерттеудің концепциялары мен тәсілдері"
14
қазан
2022
"Халықаралық PISA зерттеудің концепциялары мен тәсілдері"
"Халықаралық PISA зерттеудің концепциялары мен тәсілдері" тақырыбында Еуропа елдерінің PISA зерттеу көшбасшылары қатысқан халықаралық онлайн семинарына мектебіміздің жаратылыстану-математика бірлестігінің пән мұғалімдері қатысып арнайы сертификаттармен марапатталды.
"Жас Ғалым" атты мектепшілік кезеңі жоғары деңгейде өткізілді:
12
қазан
2022
"Жас Ғалым" атты мектепшілік кезеңі жоғары деңгейде өткізілді:
Қара шаңырақ мектебімізде 12.10.2022 күні  Алматы қаласы, Білім басқармасының  "Алматы Дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдауымен "Almaty Daryny" Республикалық ғылыми жобалар конскурсының "Жас Ғалым" атты мектепшілік кезеңі жоғары деңгейде өткізілді:  Мақсаты: Білім алушы оқушыларды ғылыми ізденіске, шығармашылыққа баулу  Міндеті: Дарынды балаларды анықтау, ғылыми зерттеушілікке машықтандыру.
ДАРЫНДЫЛАР  АПТАЛЫҒЫ  10.10.2022-17.10.2022ж аралығында
10
қазан
2022
ДАРЫНДЫЛАР АПТАЛЫҒЫ 10.10.2022-17.10.2022ж аралығында
№2 ЖББМ-нің магистр дәрежесін иеленген ұстаздардың ұйымдастырумен  «БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ҰЛТ БОЛАШАҒЫ» атты 10.10.2022-17.10.2022ж аралығында   ДАРЫНДЫЛАР  АПТАЛЫҒЫ өткізілуде.       Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыру.        Күтілетін нәтиже: Жалпыадамзаттық, мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау, зертеушілік дағдылары қалыптасады .