Мұғалімдер » Страница 7 » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
Волейболдан  ІІ орын. Құттықтаймыз!
10
қазан
2022
Волейболдан ІІ орын. Құттықтаймыз!
Алматы қаласы білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасындағы қалалық "Мұғалім - 2022" спартакиадасында волейболдан әйелдер арасындағы жарысқа мектебіміздің математика пәні мұғалімі Полат Гүлжан Мейрамқызы қатысып, ІІ орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз!
«Жүректен маржан іздеген »
29
қыркүйек
2022
«Жүректен маржан іздеген »
Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арнап мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сүлейменова Г.З «Жүректен маржан іздеген » атты  Қоғам қайраткері, Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның мол мұрасын насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты:  Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
№2 ЖББМ жалпы ата-аналар жиналыстары өткізілді.
23
қыркүйек
2022
№2 ЖББМ жалпы ата-аналар жиналыстары өткізілді.
Жетісу ауданы, №2 ЖББМ жалпы ата-аналар жиналыстары өткізілді. Күн тәртібіндегі тақырыптар:  1.    1-4 сыныптар «Баланың бас ұстазы – ата-ана» ;2.    5-7 сыныптар «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» ;3.    8-9 сыныптар «Ата-ана мен балалар арасында қарым-қатынас»;4.     10-11 сыныптар «Отбасы – Ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі».
Оқушыларымыз футболдан жүлдемен оралды!
23
қыркүйек
2022
Оқушыларымыз футболдан жүлдемен оралды!
Жетісу ауданы бойынша футбол жарысынан  7-8 сынып оқушылары арасында мектеп қыздар командасы ІІІ-орынмен,  9-11сынып қыздар командасы І-орынды жеңіп алып, қалалық кезеңге жолдама алды!! Құттықтаймыз!
“Балам менің баға жетпес байлығым” тақырыбында ата-аналарға жиналыс және тренинг өткізді.
23
қыркүйек
2022
“Балам менің баға жетпес байлығым” тақырыбында ата-аналарға жиналыс
Мектеп психологі Қуаныш А.Е және 1 "Ә" сынып жетекшісі Чамкарова А.Б  “Балам менің баға жетпес байлығым” тақырыбында ата-аналарға жиналыс және тренинг өткізді. Мақсаты: бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы-отбасы. Ата-аналардың және мектеп пен отбасы қарым-қатынасын нығайту, оқушылардың мектепке бейімделуіне үш жақты көмек көрсету.
"Күзгі кросс" жарысы ұйымдастырылды.
21
қыркүйек
2022
"Күзгі кросс" жарысы ұйымдастырылды.
Жетісу ауданы мектептері арасында спорттық "Күзгі кросс" жарысы ұйымдастырылды.  №2 ЖББМ 2005-2006жж қыздар арасында 2 км қашықтықтын жүгіру бойынша І-ОРЫНМЕН 11 "Б" сынып оқушысы Ташметова Айгерім,  2007-2008 жж 1 км қашықтықтан жүгіру бойынша ІІІ-ОРЫНМЕН 8 "Б" сынып оқушысы Демидова Аруна,  2006-2007жж 2 км қашықтықтан жүгіру бойынша ІІІ-ОРЫНМЕН 9 "А" сынып оқушысы Ноғайәлі Нұрқиса марапатталып, қалалық кезеңге жолдама алды.
"Мен көп тілді білемін" мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
19
қыркүйек
2022
"Мен көп тілді білемін" мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Қазақ тілі мен тарих  және ағылшын тілі мен орыс тілі  әдістеме бірлестіктерінің  ұйымдастыруымен  «Тілдер күні» және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өтілетін «Тілге құрмет - елге құрмет» атты тіл мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар аясында "Мен көп тілді білемін" мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Мақсаты: Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.
" Тілге құрмет - елге құрмет" атты онкүндігінің ашылуы салтанаты  өткізілді.
15
қыркүйек
2022
" Тілге құрмет - елге құрмет" атты онкүндігінің ашылуы салтанаты
Бүгін мектебімізде Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған " Тілге құрмет - елге құрмет" атты онкүндігінің ашылуы салтанаты  өткізілді.  Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, өз ұлтын, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының биік болуын мақсат еткен бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың төл тілдерін құрметтеу.
"Өнегелі отбасы" тақырыбында ата-аналармен өнеге сағаты өткізілді.
14
қыркүйек
2022
"Өнегелі отбасы" тақырыбында ата-аналармен өнеге сағаты өткізілді.
Жетісу ауданы, N2 ЖББ мектептің 4 "А", 4 "Б" сыныптары арасында "Өнегелі отбасы" тақырыбында ата-аналармен өнеге сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаттары: Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау. Отбасы Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ата – аналар мен мектептің арасындағы
Сынып сағаттары
13
қыркүйек
2022
Сынып сағаттары
Жетісу ауданы, №2 ЖББМ 1-4 сынып оқушыларына "Менің Ата Заңым!", 5-7 сынып оқушыларына "Сақтансаң сақтайды, сақ бол", 8-11 сынып оқушыларына Өз құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа!" тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді.