1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған “Ты звезда” қалалық ән байқауында 5 “Б” сынып оқушысы Мукаш Асыл бас жүлдені жеңіп алып, 300000 мың теңге сертификат, Сарыағашқа жолдама жеңіп алды. 3 "Б" сынып оқушысы Абуанипа Тәнзиллә қатысқаны үшін марапатталды! Жетекші: Шәлекен Бақберген Құттықтаймыз!🌸🌸🌸
Мектебіміздің "Өзін-өзі басқару" ұйымының оқушылары жыл бойында атқарған жұмыстары үшін, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқаны үшін, іс-шараларға шығармашылық үлес қосқаны үшін марапатталды. Жетекші: аға тәлімгер Торгаева Н.Б
Жетісу ауданы, N2 жалпы білім беретін мектеп оқушылары күнде сабақ алдында таңғы сергіту жаттығуын жасайды. Таңғы жаттығу оқушылардың өзін сергек сезінуге ықпал етіп, еңбекке деген ынтасын арттырады