Оқушыларға » Страница 11 » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 11
"Рахмет саған, ӘЛІППЕ!" атты мерекелік іс-шарасы
27
қаңтар
2023
"Рахмет саған, ӘЛІППЕ!" атты мерекелік іс-шарасы
Мектебіміздің 1 "А" сынып бүлдіршіндерінің "Рахмет саған, ӘЛІППЕ!" атты мерекелік іс-шарасы. Сынып жетекшісі: Молдакарызова Жазира Жанарбековна
«Толағай» эстафеталық жарысын ұйымдастырды.
26
қаңтар
2023
«Толағай» эстафеталық жарысын ұйымдастырды.
«Дариға жүрек» атты ақын Мұқағали Мақатаевтың 92 жылдығына арналған мектепішілік айлық жоспар аясында дене шынықтыру пәні мұғалімі Алмағамбетова А.Т  2 "А", "Б", "В" сыныптар арасында  «Толағай» эстафеталық жарысын ұйымдастырды.  Жарыс нәтижесі бойынша  І - ОРЫН: 2 "В" сынып ІІ - ОРЫН: 2 "Б" сынып ІІІ - ОРЫН: 2 "А" сынып оқушылары марапатталды! Құттықтаймыз!
"Дариға-жүрек" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
26
қаңтар
2023
"Дариға-жүрек" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
«Дариға жүрек» атты ақын Мұқағали Мақатаевтың 92 жылдығына арналған мектепішілік айлық жоспар аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Туралиева Г.М 7 "А" сынып оқушыларына  "Дариға-жүрек" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  Мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалақ ақыны М.Мақатаев шығармашылығымен таныстыру.Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға,халқына,тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.Поэманың идеясын түсіну,талдай білу
«Шахмат, шашки және дойбы» жарысын ұйымдастырды.
25
қаңтар
2023
«Шахмат, шашки және дойбы» жарысын ұйымдастырды.
«Дариға жүрек» атты ақын Мұқағали Мақатаевтың 92 жылдығына арналған мектепішілік айлық жоспар аясында дене шынықтыру пәні мұғалімі Абилкайров С.М «Ата-ана, мұғалім, оқушы» үштік одақ арасында арасында «Шахмат, шашки және дойбы» жарысын ұйымдастырды.  Жарыс нәтижесі бойынша үздік өнер көрсеткен ойыншылар, оқушылар және ата-аналар марапатталды!
«Дариға жүрек» айлық жоспар аясы
11
қаңтар
2023
«Дариға жүрек» айлық жоспар аясы
«Дариға жүрек» атты ақын Мұқағали Мақатаевтың  92 жылдығына арналған мектепішілік айлық жоспар аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сүлейменова Г.З мектеп оқушыларына «Жырлайды жүрек» тақырыбында эссе жаздырды. Мақсаты:  Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі-Мұқағали Мақатаев шығарармаларын оқушыларға насихаттау, оқушыларды шығармашылыққа баулу.
7-11 сынып қыздарына «Қыз инабаттылығымен әдемі, әдептілігімен сәнді» тақырыбында қыздар жиналысын өткізді.
10
қаңтар
2023
7-11 сынып қыздарына «Қыз инабаттылығымен әдемі, әдептілігімен сәнді»
Мектеп директоры Отепбекова Б.М, және ДТІЖО Қуаныш А.Е 7-11 сынып қыздарына «Қыз инабаттылығымен әдемі, әдептілігімен сәнді» тақырыбында қыздар жиналысын өткізді. Мақсаты: қыздарды  ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, қыз бала гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету,қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық
7-11 сыныптың ұл балаларына жиналыс өткізді.
10
қаңтар
2023
7-11 сыныптың ұл балаларына жиналыс өткізді.
Мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Абилкайров С.М, мектеп Президенті Исроилов Нұрдаулет, спорт министрі Аширов Ерхан 7-11 сыныптың ұл балаларына жиналыс өткізді. Мақсаты: Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру,
"Түрлі-түсті кеші" көңілді отырыс
29
желтоқсан
2022
"Түрлі-түсті кеші" көңілді отырыс
Мектеп оқушылары Жаңа жыл мерекесіне орай өткізген сыныппен "Түрлі-түсті кеші" көңілді отырысы.🎄   Сынып жетекшісі: Танкаева Имана Хаджимаратқызы
Спортшы қызымыз ІІІ орынды жеңіп алды!
27
желтоқсан
2022
Спортшы қызымыз ІІІ орынды жеңіп алды!
Мектебіміздің 2 "Б" сынып оқушысы Қанапия Раушан Алматы қаласында өткізілген гимнастика спорттық жарысына қатысып, ІІІ орынды жеңіп алды. Сынып жетекшісі: Тойкулова Б.А
Бүгін мектебімізде бастауыш сыныптарға арналған "Жаңа жыл" мерекесі өткізілді.
27
желтоқсан
2022
Бүгін мектебімізде бастауыш сыныптарға арналған "Жаңа жыл" мерекесі
Бүгін мектебімізде бастауыш сыныптарға арналған "Жаңа жыл" мерекесі өткізілді. Мектебіміздің "Өзін-өзі басқару" ұйымы таңертеңісін барша оқушыларды мерекелік көңіл-күймен қарсы алып, би билеп, ойындар ойнатты.  Аяз ата, Ақша қар және қоян, қасқыр, аю, түлкі, қозы, күшік, әтеш, маймыл кейіпкерлері барлық бастауыш сыныптарға кіріп, Жаңа жылдарымен құттықтап, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұйымдастырушы: мектеп әкімшілігі және "Өзін-өзі басқару" ұйымы