Ата-аналарға » Страница 4 » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 4
Игілікті істер жасау
18
қазан
2022
Игілікті істер жасау
Мектебіміздің "Өзін-өзі басқару" ұйымының оқушылары әлеуметтік аз қамтылған отбасыға қайырымдылық жасап, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Оқушылар қазіргі қоғамға осындай игілікті істер жасау арқылы еліміздің болашағы жарқын болуына үлес қосуда.  Жетекші: аға тәлімгер Торгаева Н.Б
"Қарттарым - асыл қазынам!"
12
қазан
2022
"Қарттарым - асыл қазынам!"
Жетісу ауданы, N2 ЖББ мектепішілік жоспарға сәйкес қарттар айлығына орай "Қарттарым - асыл қазынам!" атты мерекелік кеш өткізілді. Мерекеге әр сынып оқушыларынан бір қария келіп қатысып, қазыналы қарттарымызға ақ жаулық жабылып, сый-құрмет көрсетілді. Ұйымдастыруышы: 7 сынып оқушылары. Жетекшілері: Туралиева Г.М Бейсенбай Г.Ш Сикибаева Ш.Қ
№2 ЖББМ жалпы ата-аналар жиналыстары өткізілді.
23
қыркүйек
2022
№2 ЖББМ жалпы ата-аналар жиналыстары өткізілді.
Жетісу ауданы, №2 ЖББМ жалпы ата-аналар жиналыстары өткізілді. Күн тәртібіндегі тақырыптар:  1.    1-4 сыныптар «Баланың бас ұстазы – ата-ана» ;2.    5-7 сыныптар «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» ;3.    8-9 сыныптар «Ата-ана мен балалар арасында қарым-қатынас»;4.     10-11 сыныптар «Отбасы – Ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі».
“Балам менің баға жетпес байлығым” тақырыбында ата-аналарға жиналыс және тренинг өткізді.
23
қыркүйек
2022
“Балам менің баға жетпес байлығым” тақырыбында ата-аналарға жиналыс
Мектеп психологі Қуаныш А.Е және 1 "Ә" сынып жетекшісі Чамкарова А.Б  “Балам менің баға жетпес байлығым” тақырыбында ата-аналарға жиналыс және тренинг өткізді. Мақсаты: бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы-отбасы. Ата-аналардың және мектеп пен отбасы қарым-қатынасын нығайту, оқушылардың мектепке бейімделуіне үш жақты көмек көрсету.
"Өнегелі отбасы" тақырыбында ата-аналармен өнеге сағаты өткізілді.
14
қыркүйек
2022
"Өнегелі отбасы" тақырыбында ата-аналармен өнеге сағаты өткізілді.
Жетісу ауданы, N2 ЖББ мектептің 4 "А", 4 "Б" сыныптары арасында "Өнегелі отбасы" тақырыбында ата-аналармен өнеге сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаттары: Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау. Отбасы Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ата – аналар мен мектептің арасындағы
1-4 сынып оқушылары түгел ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр.
02
қыркүйек
2022
1-4 сынып оқушылары түгел ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр.
Биылғы 2022-2023 оқу жылында мемлекет тарапынан 1-4 сынып оқушылары түгел ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай.  Ас мәзірі асхана бұрышына ілінген, сыныптардың тамақтану кестесі бар.  Мектеп басшысы Отепбекова Б.М тамақтың сапасын, құна рлылығын, дайындалуын бақылауда ұстауда.
Білім күнімен құттықтаймыз!
01
қыркүйек
2022
Білім күнімен құттықтаймыз!
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!  Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!
Демеуші жандарға ата-аналар атынан алғыс айтамыз!
26
тамыз
2022
Демеуші жандарға ата-аналар атынан алғыс айтамыз!
Мектебіміздің көп балалы отбасынан шыққан 1 сынып бүлдіршіндері Жетісу аудандық әкімдігі демеушілері атынан мектеп формасы, аяқ киім, құрал- жабдықтармен қамтамасыз етілді. Демеуші жандарға ата-аналар атынан алғыс айтамыз!
"Мектепке жол" Республикалық акциясы
17
тамыз
2022
"Мектепке жол" Республикалық акциясы
Жетісу ауданы, N2 жалпы білім беретін мектепте "Мектепке жол" Республикалық акциясы аясында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мектеп ұстаздары әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан оқушыларға кеңсе тауарларын сыйға тартты.  Демеуші ұстаздарға алғыс білдіреміз!
1 сынып оқушыларымен қосымша сабақ жүргізілуде
16
тамыз
2022
1 сынып оқушыларымен қосымша сабақ жүргізілуде
Жетісу ауданы, N2 жалпы білім беретін мектепте 1 сынып бүлдіршіндерін оқуға дайындау, баланың тұлғасын және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында қосымша сабақтар жүргізілуде.