Әкімшілік » Страница 36 » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Сыбайлас жемқорлық -қоғам дерті"
29
қаңтар
2020
"Сыбайлас жемқорлық -қоғам дерті"
Жетісу ауданы №2 ЖББ мектептің Өзін-өзі басқару ұйымы "Сыбайлас жемқорлық -қоғам дерті" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де зор нұқсан келтіріп отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қоғам болып қарсы тұруымыз қажет, бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық
"Өрт сөндіру кезіндегі тәртіп ережелері"
28
қаңтар
2020
"Өрт сөндіру кезіндегі тәртіп ережелері"
Жетісу ауданы №2 ЖББ мектептің 5-7 сынып оқушыларына "Өрт сөндіру кезіндегі тәртіп ережелері" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты: оқушылардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады.
"Ғұмырдария" ән-би, жыр, балалар мен жасөспірімдер байқауы
27
қаңтар
2020
"Ғұмырдария" ән-би, жыр, балалар мен жасөспірімдер байқауы
№2 ЖББ мектептің 9 "Б" сынып оқушысы Нұсқабай Алуа марапатталды. Жетекшісі Умбетова Жанат Құлпыбаевна Республикалық "Ғұмырдария" ән-би, жыр, балалар мен жасөспірімдер байқауына белсенді түрде қатысып педагогикалық еңбек жолында өнерпаз шәкірттерге білім мен тәрбие беруде өскелең ұрпақтың бойындағы азаматтық ұстанымын қалыптастырғаны үшін АЛҒЫС ХАТпен марапатталды!
"ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК"
25
қаңтар
2020
"ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК"
"ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК" Мұқағали Мақатаев атындағы ХІІ Халықаралық ән-жыр байқауының "Вокалды топ" номинациясы бойынша І-ОРЫН ЛАУРЕАТЫ атанған Жетісу ауданы №2 ЖББ мектептің вокал үйірмесінің оқушылары марапатталды. Құттықтаймыз!💐
"ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ" ойыны
25
қаңтар
2020
"ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ" ойыны
"Болашаққа бағдар", "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Алматы қаласы Жетісу ауданы мектептері арасында өткен "ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ" ойынына №2 ЖББМ 9 сынып оқушылары сабақтан тыс, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында қатысып қайтты. 《Қазақ хандығы》 деп аталатын бұл ойынға бір дегеннен төрт қарсылас қатыса алады. Ойыншылар өзара сұлтандардың рөлінде болып, түбінде хан атануға тырсады. Ол үшін қазақ руларының қолдауын сұрауға жасауылдарды жібереді. Туының астына ең көп ру жинаған сұлтан
"Армрестлинг" спорт турнирі
24
қаңтар
2020
"Армрестлинг" спорт турнирі
Жетісу ауданы №2 ЖББМ мектепішілік жастар арасында "Армрестлинг" спорт турнирі өткізіліп, нәтижесінде Айтжанова Жегзат, Ұмарбек Ұлағат, Киматдинов Руслан, Кенжебек Сара ауданға жолдама алды. 
"Мейірімділік -ақ жүректе"
24
қаңтар
2020
"Мейірімділік -ақ жүректе"
Жетісу ауданы №2 ЖББ мектептің 7 сынып оқушыларына "Мейірімділік -ақ жүректе" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: оқушылардың "мейірімділік", "қайырымдылық" құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Мейірімділіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Өзара сыйластық қарым-қатынасты дамыту. Мейірбандыққа тәрбиелеу. Сынып жетекшілері: Букабаева А, Сеитова А.Н
Ұлы ақын АБАЙ атамыздың 175 жылдығы
23
қаңтар
2020
Ұлы ақын АБАЙ атамыздың 175 жылдығы
Жетісу ауданы №2 ЖББ мектептің оқушылары мен ұстаздары Ұлы ақын АБАЙ атамыздың 175 жылдығына арналған эстафетаны Қазақстан Республикасының барлық мектептеріне жолдайды.
"Менің интернетсіз бір күнім", "Мен OFFLINE"
23
қаңтар
2020
"Менің интернетсіз бір күнім", "Мен OFFLINE"
Жетісу ауданы №2 ЖББ мектепте "Менің интернетсіз бір күнім", "Мен OFFLINE" тақырыбында сурет көрмесі өтті. Мақсаты: оқушыларға интернеттің пайдасы мен зияны туралы толық ақпарат беріп, шығармашылықтарын дамыту.
Өмір қауіпсіздігін сақтау жұмыстары
23
қаңтар
2020
Өмір қауіпсіздігін сақтау жұмыстары
Жетісу ауданы №2 ЖББ мектебінде жауған қар уақытылы тазаланып, мектеп шатырындағы мұздар ойылып, тазалық жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Оқушылар мен ата-аналарбың және мұғалімдердің өмір қауіпсіздігін сақтау жұмыстары үнемі мектеп басшысының бақылауында.