Мектеп ұжымы » Страница 19 » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Барлық бала бақытты болу үшін жаралған"
04
желтоқсан
2019
"Барлық бала бақытты болу үшін жаралған"
Жетісу ауданы #2ЖББ мектептің 6 "Б" сынып оқушыларына 3 желтоқсан халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне арналған "Барлық бала бақытты болу үшін жаралған" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: жастарды мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға бейімделулеріне көмек көрсетуге, олардың бойындағы дарындылық пен өмірге деген құштарлығын көре білуге, қоғамда өз орны бар екендігіне сенімді болуларына жәрдем беруге, бауырмалдыққа кішіпейілдікке баулу.
Қайырымды ата-аналар
03
желтоқсан
2019
Қайырымды ата-аналар
Жетісу ауданы #2ЖББ мектептің аз қамтылған отбасының өнерлі балаларына көмек қолын созған қайырымды ата-аналар мектебімізге домбыра сыйға тартты. Мектеп әкімшілігі атынан көмек қолын ұсынған ата - аналарға зор алғысымызды білдіреміз!
"Дәстүрлі достығымыз берік болсын"
03
желтоқсан
2019
"Дәстүрлі достығымыз берік болсын"
Жетісу ауданы #2ЖББ мектептің 5 "А" сынып оқушылары таңертеңісін барша оқушыны музыкамен мерекелік, достық көңіл күймен қарсы алып, "Дәстүрлі достығымыз берік болсын" тақырыбында лездеме өткізді.  Мақсаты: Балалардың "дос", "достық" құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Сынып жетекшісі: Аталыкова Гулнар Дуйсебаевна
"Имандылық-ізгілік негізі"
03
желтоқсан
2019
"Имандылық-ізгілік негізі"
Жетісу ауданы #2ЖББ мектептің 7 "Б" сыныбына "Имандылық-ізгілік негізі" тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Мақсаты:  Оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Сеитова Айгүл Нұртаевна
"Әйелдерге қатысты Зорлық-зомбылықсыз"
03
желтоқсан
2019
"Әйелдерге қатысты Зорлық-зомбылықсыз"
Жетісу ауданы #2ЖББ мектептің 9 "А" сынып оқушыларына "Әйелдерге қатысты Зорлық-зомбылықсыз" тақырыбында тәрбие сағаты өтті.  Мақсаты: Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы,  оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі
VI Халықаралық пәндік Олимпиада
03
желтоқсан
2019
VI Халықаралық пәндік Олимпиада
Жетісу ауданы #2ЖББ мектептің 11 сынып оқушылары БЕКТЕМІС СЫМБАТ, ТАШЕВА СЫМБАТ, НУСУПОВА АДЕЛЯ, ОМАРОВ ЕРНҰР, 10 "А" сынып оқушысы НАҒАШЫБЕК АЙДЫН, 3 "А" сынып оқушысы НӘЖЕТБЕКҰЛЫ ИБРАҺИМ оқушылар арасында өткізілген VI Халықаралық пәндік Олимпиададан ағылшын тілінен қатысып І дәрежелі ДИПЛОММЕН МАРАПАТТАЛДЫ! Жетекшісі: Бейсенбай Гүлназ Шаймерденқызы.
МАРАПАТТАУ
03
желтоқсан
2019
МАРАПАТТАУ
Бокстан 2002-2003 ж.т жастар арасында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған Алматы қаласының чемпионатында 49кг салмақта ІІ орынға ие болған 11 сынып оқушысы ЖАНДАРБЕКҰЛЫ МҰХАМЕДАЛИ марапатталады! Құттықтаймыз!!!
"Болашақ жас өрендер"
03
желтоқсан
2019
"Болашақ жас өрендер"
"Жарқын" республикалық ғылыми-ақпараттық, танымдық-тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткізілген "Болашақ жас өрендер" атты байқауда танытқан білімдарлығы мен тапқырлығын көрсете отыра жоғарғы жетістікке қол жеткізіп, жүлдегер атанғаны үшін ТОҚТАСЫН АЛЬМИРА І орын ДИПЛОММЕН марапатталады.
"Өзгеше әлем"
03
желтоқсан
2019
"Өзгеше әлем"
Республикалық "Жарқынның жарқын жолы" энциклопедиясының ұйымдастыруымен өткен "Өзгеше әлем" атты мектеп оқушыларының арасында өткен байқауда өзгеше әлемді өз ерекшеліктерімен өрнектей білген, ұлтжанды, қамқор да, дарынды қабілеттерімен көзге түсіп үздік деп танылғаны үшін ТОҚТАСЫН АЛЬМИРА І орын ДИПЛОММЕН марапаталады!
МАРАПАТТАУ
03
желтоқсан
2019
МАРАПАТТАУ
Жетісу ауданы #2ЖББ мектептің 10 "А" сынып оқушысы ТЛЕУБЕРДІ МАРИЯ Тараз қаласында өткен ашық Чемпионатқа қатысып, топтық эстетикалық гимнастикада өнер көрсетіп І- орынмен МАРАПАТТАЛЫНДЫ! Құттықтаймыз!