Мектеп ұжымы » Страница 20 » 2 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі.
01
желтоқсан
2019
Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың
Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Сіздерді 1 желтоқсан – Елбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарып келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше.  Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар
"Менің тұңғыш Президентім"
30
қараша
2019
"Менің тұңғыш Президентім"
Жетісу ауданы #2ЖББ мектептің 9 "А" сыныбы "Менің тұңғыш Президентім" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  Мақсаты:  1. Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. 2. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, Алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту. 3. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.  @kikimov_maksat @edualmaty
"Біздің Президент", "Бейбітшілік кіндігі"
29
қараша
2019
"Біздің Президент", "Бейбітшілік кіндігі"
Жетісу ауданы #2ЖББ мектепте Тұңғыш Президент күні қарсаңында мектеп кітапханасы ашық есік жариялап, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мектеп кітапханашысы Алдиярова Гулмира оқушыларға Елбасымыздың "Қазақ деген халықтың баласымын" атты баяндама оқыды. "Біздің Президент", "Бейбітшілік кіндігі" т.б кітаптармен оқушыларды таныстырды.
"Бірлігі жарасқан қазақ елі"
29
қараша
2019
"Бірлігі жарасқан қазақ елі"
Жетісу ауданы #2ЖББ мектептің 4 "В" сыныбына "Бірлігі жарасқан қазақ елі" тақырыбында ата-ана ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету. Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемдегі ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Ашық сабақ өткізген ата-ана: Қасқарбаева Мақпал Сынып жетекші: Қауранбекова Алия
"Бесте бес"
21
қараша
2019
"Бесте бес"
Жетісу ауданы #2ЖББ мектептің 2-4 сынып оқушылары арасында "Бесте бес" үздіктер сайысы өткізілді. Мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интелектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру.
"Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі"
12
қараша
2019
"Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі"
Жетісу ауданы #2 ЖББ мектебінің 1 сынып жетекшілері Исабаева Э.Н, Кержикеева С.Р "Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі" тақырыбында Бастауыш сыныптардың ӘБ отырысына дөңгелек үстел өткізді. Мұғалімдер бір-бірімен пікір алмасып, келісіп, ойларын дәлелдеді. Критериалды бағалау жүйесі оқушы бойындағы үрейленуді жояды, мұғалімді "төрешілік" қызметінен босатады. Оқушы бойында өз іс-әрекетіне баға беру және іс-әрекетіне үлкен жауапкершілікпен қарау қабілетінің дамуына ықпал етеді. Жетісу
"ШАМШЫРАҚ"
11
қараша
2019
"ШАМШЫРАҚ"
Алматы қаласы Жетісу ауданы #2 ЖББ мектебінде "ШАМШЫРАҚ" шығармашылық қоғамдастығының ұйымдастырылуымен "Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабағында ұлттық құндылықтарымызды оқыту арқылы заманауи білім алу құзыреттілігін қалыптастырудың тәжірибелік-қоғамдастық алаңы" тақырыбында аудандық семнар өтті. 
"Менің кәсіби мамандығым"
01
қараша
2019
"Менің кәсіби мамандығым"
Жетісу ауданы #2 ЖББ мектептің жас мамандарына "Менің кәсіби мамандығым" тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Мақсаты: мұғалімнің әртүрлі жағдаяттағы педагогикалық шеберлігін анықтау, жас мамандардың педагогикалық шеберлігін дамыту. 
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі және қазіргі заманауи мұғалімнің моделі
29
қазан
2019
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі және қазіргі заманауи мұғалімнің
ЖББМ математика пәні мұғалімі Журынова Фарида Темірхановна "Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі және қазіргі заманауи мұғалімнің моделі" тақырыбында жас мамандарға коучинг өткізді. Мақсаты: мұғалімдердің кәсіптік құзырлығын қалыптастыра отырып, олардың кәсіптік деңгейінің өсуіне жағдай жасау. Оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерін іс-тәжірибеде енгізу арқылы мұғалімнің құзыреттілігі рөлі қаншалықты қажет екендігі туралы түсініктерін қалыптастыру.