Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 3
🕊 Республика күніне арналған апталықтың ашылуы
20
қазан
2025
🕊 Республика күніне арналған апталықтың ашылуы
25 қазан — Республика күні. Осы мерекеге орай мектебімізде апталықтың салтанатты ашылуы өтті. Бұл күн — егемен еліміздің тарихындағы ерекше белес, тәуелсіздікке бастар жолдың алғашқы қадамы. 1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация» қабылданды. Сол тарихи сәттен бастап, Қазақстан өзіндік ұстанымы бар, дербес мемлекет ретінде әлемге таныла бастады. Бұл декларация — еліміздің болашақ тәуелсіздігінің іргетасы
🍁 «Күзгі ертегі – балалар әлемінде» 🍁
17
қазан
2025
🍁 «Күзгі ертегі – балалар әлемінде» 🍁
17 қазан күні мектебімізде дәстүрлі «Күзгі ертегі – балалар әлемінде» атты мерекелік бал кеші өтті. Іс-шараға 2–4, 5–6 және 7–9 сынып оқушылары қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Кеш бірнеше кезеңдер бойынша ұйымдастырылды: 1️⃣ «Үздік Ханшайым мен Ханзада» кезеңінде оқушылар ертегі әлеміне еніп, сахналық қойылымдар арқылы өз образдарын таныстырды. 2️⃣ «Күзгі сән үлгісі – 2025» кезеңінде әр сынып табиғи материалдардан ерекше киім үлгілерін дайындап,
"Алын күз" суреттер көрмесі
16
қазан
2025
"Алын күз" суреттер көрмесі
Мектебімізде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында "Алтын күз" тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге әр сыныптың оқушылары белсене қатысып, өз қолымен салған әсем туындыларын ұсынды. Шығармаларда күз мезгілінің әдемілігі, табиғаттың құбылысы мен түстер үйлесімі көрініс тапты. Мақсаты: Оқушылардың өнерге қызығушылығын арттыру; Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға баулу; Эстетикалық талғам мен шығармашылық ойлау қабілетін дамыту; Оқушылардың өзіндік
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🎉
15
қазан
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🎉
6 «А» сынып оқушысы Берік Айшабибі «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында 5–7 сыныптар арасында өткен аудандық ән байқауында жарқын дауысы мен орындаушылық шеберлігін көрсеткені үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды! 🏅 Жеңісің құтты болсын, Айшабибі! Әрқашан өнердің биік шыңдарынан көріне бер! 🌟 Жетекшісі: музыка пәні мұғалімі Жұмабаев М.
"Төтенше жағдайға дайын болайық"
14
қазан
2025
"Төтенше жағдайға дайын болайық"
"Төтенше жағдайға дайын болайық" тақырыбына сәйкес мектебімізде сейсможаттығу өткізілді. Сейсможаттығу барысында оқушыларға төтенше жағдай кезінде алуы мүмкін дене жарақаттарына алғашқы көмек көрсету тәсілдері түсіндірілді. Бұл бағытта АӘ және ТД пәнінің мұғалімі Базарбек А.Е. тәжірибелік көрсетілімдер жүргізіп, жарақат алған жағдайда қан тоқтату, таңғыш салу, сынған немесе шыққан қол-аяққа алғашқы көмек көрсету, зардап шегушіні қауіпсіз жерге көшіру сияқты іс-әрекеттерді көрсетті.
III Халықаралық «Зейін-2025» ғылыми жобалар байқауындағы жеңіс!
13
қазан
2025
III Халықаралық «Зейін-2025» ғылыми жобалар байқауындағы жеңіс!
🏆 III Халықаралық «Зейін-2025» ғылыми жобалар байқауындағы жеңіс! 2025 жылдың 11 қазанында өткен III Халықаралық «Зейін-2025» ғылыми жобалар байқауына 15-тен астам елден 500-ден астам мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысып, өзара бақ сынасты. Осы беделді халықаралық додада мектебіміздің мақтанышы, 7 “А” сынып оқушысы Нұртай Расул Айдынұлы математика бағыты бойынша үздік нәтижеге қол жеткізіп, I орынды иеленді.🎉🎉🎉 Жүзден жүйрік шығып, халықаралық деңгейде іргелі ғылыми жобасын қорғаған
"Күзгі асар" жәрмеңкесі
10
қазан
2025
"Күзгі асар" жәрмеңкесі
"Күзгі асар" жәрмеңкесі 6 "А" және 6 "Б" сынып оқушылары мектеп қабырғасында дәстүрге айналған "Күзгі асар" жәрмеңкесін жоғары деңгейде ұйымдастырды. Жәрмеңке барысында оқушылар өз қолдарымен жасаған бұйымдар мен үйден дайындап әкелген түрлі тәтті тағамдарды мектеп оқушыларына ұсынып, көңілді де қызықты шара өткізді. Мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, кәсіпкерлікке баулу, еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттыру, сондай-ақ бірлік пен достықты нығайту болды. Жәрмеңке өте
«Қазыналы қарттарым» тақырыбында тағылымды іс-шара өткізілді.
09
қазан
2025
«Қазыналы қарттарым» тақырыбында тағылымды іс-шара өткізілді.
N2 жалпы білім беретін мектепте Қарттар күніне орай 5 «А» сыныбының ұйымдастыруымен «Қазыналы қарттарым» тақырыбында тағылымды іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қарттарға құрмет көрсетіп, жас ұрпаққа мейірім мен ізеттілікке тәрбиелеу. Оқушылар аталар мен әжелеріне арнап ән шырқап, өлең оқып, жылы лебіздерін білдірді. Ұйымдастырушы: Кагазбекова М.И. #oqu_agartu_ministrligi #біртутас_тарбие #біртутас_тербие_алматы #2жбб #jetisu_bilim_baskarmasy @jetisu_audandyk_bilim_bolimi @jetisy_aydany
Choco Day мерекесіне орай мектебімізде оқушыларға тәтті шоколадтар таратылды!
08
қазан
2025
Choco Day мерекесіне орай мектебімізде оқушыларға тәтті шоколадтар
🍫 Choco Day мерекесіне орай мектебімізде оқушыларға тәтті шоколадтар таратылды! Бұл күн – бір-бірімізге жылулық пен қуаныш сыйлайтын ерекше күн. Балалардың жүзіндегі күлкі – ең тәтті сәт! 💛✨ #ChocoDay #БақыттыБалалар #МектепКүні#oqu_agartu_ministrligi #біртутас_тербие_алматы #2жбб
#2 жббм асханасына бракераждық тексеру жүргізу аясында !
07
қазан
2025
#2 жббм асханасына бракераждық тексеру жүргізу аясында !
#2 жббм асханасына бракераждық тексеру жүргізу аясында ! Комиссия төрайымы : Алтыбаева С.М  Комиссия мүшелері :  Мырзабаева Ы.Б , Мендыбаева С. Е ,  Даурова Р. Д, Идрисов Р. Е, Жумабаева А. Н  Тексеру барысында асхана жұмысы талаптарға сай , қанағаттанарлық деп танылды ! #jetisu_audandik_bilim_bolimi