Алматы қаласы Білім басқармасының
«№2 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 397-55-11
Есепші бөлімі:
+7(727) 390-69-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 4
"Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам" тақырыбында сынып сағаттары өтті.
06
қазан
2025
"Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам" тақырыбында сынып сағаттары өтті.
#2 жалпы білім беретін мектебімізде "Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Оқушыларды ақпараттық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, интернет кеңістігінде өзін дұрыс және қауіпсіз ұстауға үйрету, жеке деректердің құпиялығын сақтау маңыздылығын түсіндіру, сонымен қатар цифрлық технологияларды тиімді әрі жауапкершілікпен қолдануға баулу.
Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
03
қазан
2025
Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Бүгін №2 жалпы білім беретін мектепте 11-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. 🌸 Мерекелік кешке ардагер ұстаздар да арнайы қонақ болып шақырылды. 💐 Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, жүрекжарды тілектерін арнап, ұстаздарға қуаныш пен сый-құрмет көрсетті. ✨ Бұл күн – ұстаз еңбегін бағалау мен алғыс айтуға арналған ерекше мереке болды. #ҰстаздарКүні #АрдагерҰстаздар #11сынып #МерекелікІсШара
Өзін-өзі басқару ұйымы “Дублер күні” шарасын өткізді.
03
қазан
2025
Өзін-өзі басқару ұйымы “Дублер күні” шарасын өткізді.
Бүгін ұстаздар мерекесіне орай №2 жалпы білім беретін мектептің 10-11 сынып оқушыларынан құралған өзін-өзі басқару ұйымы “Дублер күні” шарасын өткізді. ✨ Оқушылар бір күнге ұстаздардың орнында болып, сабақ өткізіп, ұстаз еңбегінің жауапкершілігі мен маңызын сезінді. 👩‍🏫👨‍🏫 Бұл шара – ұстаздарға деген алғыс пен құрметтің ерекше белгісі болды. 💐 #ҰстаздарКүні #ДублерКүні #ӨзінӨзіБасқару #МектепӨмірі#oqu_agartu_ministrligi#біртутас_тербие_алматы#біртутас_тербие#jetisu_bilim_baskarmasy
Республика күніне орай "35 игі іс" акциясы" аясында “Қарттар үйіне” барып қайтты.
02
қазан
2025
Республика күніне орай "35 игі іс" акциясы" аясында “Қарттар үйіне”
Алматы қаласы Жетісу ауданы №2 жалпы білім беретін мектептің 4 “А” және 4 “Ә” сынып оқушылары Республика күніне орай "35 игі іс" акциясы" аясында “Қарттар үйіне” барып қайтты. Іс-шараның негізгі мақсаты – жалғыз қалған қарияларға рухани және моралдық қолдау көрсету, оларға көңіл бөліп, мейірімділік таныту, қоғамда үлкендерге деген құрмет пен қамқорлықты арттыру болды. Балалардың ыстық ықыласы мен шынайы көңілі қарттарға қуаныш сыйлап, мерекелік көңіл-күй қалыптастырды. Ұрпаққа өнеге – үлкенді
«Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу»
01
қазан
2025
«Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу»
Жетісу ауданының прокуратурасы бөлім прокуроры Мэллат Қаламқас Думанқызы 10-11 сынып оқушыларына «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» Құқықтық аспектілер мен жауапкершілік — Заң бойынша есірткі заттарды сақтау, тарату, қолдану жөніндегі қылмыстық жауапкершілік. тақырыбында дәріс өткізді. Кездесу барысында оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызы, заңды сақтау, құқық бұзушылықтың салдары мен оның болашағына тигізер әсері туралы түсіндірілді. Сонымен қатар,
Мектеп президентін сайлауы өтті.
30
қыркүйек
2025
Мектеп президентін сайлауы өтті.
📌Мектебімізде оқушылар арасынан мектеп президентін сайлау өтті. Барлық кандидаттар өз бағдарламаларын таныстырып, достарының сеніміне ие болуға тырысты. 🗳️ Бұл сайлау – оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамытып, жауапкершілік алуға үйрететін үлкен қадам! 🌟 Жаңа президентімізді құттықтаймыз!  Алдағы жұмысына сәттілік тілейміз!  #МектепПрезиденті #КөшбасшыОқушы #Сайлау #біртутас_тербие_алматы #біртұтас_тәрбие #@jetisu_audandyk_bilim_bolimi
"Тәуелсіздік және отаншылдық" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
29
қыркүйек
2025
"Тәуелсіздік және отаншылдық" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
№2 жалпы білім беретін мектепте бүгін "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Тәуелсіздік және отаншылдық" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Бұл шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында елжандылық сезімін қалыптастыру, тәуелсіздіктің қадірін ұғындыру және Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру болды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, тәуелсіздіктің маңызын терең түсініп, патриоттық рухты дәріптеді. 🇰🇿✨ #oqu_agartu_ministrligi #gani_beisembayev #біртутас_тарбие #біртутас_тербие_алматы
Қалалық экологиялық марафон – «Қоқыссыз мектеп»
26
қыркүйек
2025
Қалалық экологиялық марафон – «Қоқыссыз мектеп»
🌱 Қалалық экологиялық марафон – «Қоқыссыз мектеп» 🌱 Қала күніне орай №2 жалпы білім беретін мектепте «Ескі қалдыққа – жаңа өмір!» атты ерекше көрме ұйымдастырылды. 🌍♻️ Бұл шараға 1-8 сынып оқушылары белсене қатысып, тұрмыстық қалдықтардан жасалған түрлі қолөнер бұйымдарын таныстырды. Оқушылардың шығармашылығы мен табиғатты қорғауға деген жауапкершілігі көрмеден айқын байқалды. ✨ Мақсаты – табиғатты аялау, қалдықтарды тиімді қайта пайдалану және экологиялық мәдениетті дамыту. #ҚоқыссызМектеп
"Мен өмірді сүйемін" тақырыбында тренинг
25
қыркүйек
2025
"Мен өмірді сүйемін" тақырыбында тренинг
Мектеп спихологы Бәкірше А.Б.  8-11 сынып оқушыларымен "Мен өмірді сүйемін" тақырыбында тренинг өткізді. #oqu_agartu_ministrligi #біртутас_тарбие #біртутас_тербие_алматы
Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері
24
қыркүйек
2025
Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері
БӘжТД мұғалімі Базарбеков А.Е.  Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері Алғашқы өрт сөндіру құралдары және оларды қолдану ережелері Радиациялық – химиялық, бактериологиялық қорғау 10-11 сынып оқушыларымен интерактивті сабақтар өткізді