04
наурыз
2026
Мектебімізде «Инклюзивті болашақ жолында: жасанды интеллекттің рөлі» тақырыбында қалалық семинар өтті
«Инклюзивті болашақ жолында: жасанды интеллекттің рөлі» тақырыбында қалалық семинар жоғары деңгейде өтті деп ойлаймыз. Семинардың мақсаты – инклюзивті білім беруді дамыту, мұғалімдердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау және білім беру үдерісінде заманауи технологияларды тиімді қолдану жолдарын көрсету болды.
Іс-шара барысында педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, ашық сабақтар, тренингтер және түрлі әдіс-тәсілдерді ұсынды. Қатысушылар инклюзивті білім беру ортасында оқушылардың қабілеттерін дамыту, олардың білім алуына қолайлы жағдай жасау мәселелерін талқылады. Сонымен қатар жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру саласында қолданудың маңыздылығы да көрсетілді.
Семинарға қатысқан барлық әріптестерге белсенділіктері мен қолдаулары үшін үлкен алғыс білдіреміз. Осындай тәжірибе алмасу алаңдары білім сапасын арттыруға және болашақ ұрпаққа сапалы білім беруге үлкен үлес қосады деп сенеміз.